AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш...

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 74,4 жасқа жетті

Әлеумет 27.04.2023, 19:15 1,292 Almaty-akshamy
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 74,4 жасқа жетті
Сурет: Ашық дереккөз

Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеген


Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 74,4 жасқа жетті. Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, ел басшылығы қолдауының арқасында республикада жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, ауыл медицинасын, денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс күшейтілді, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағыттылығы қамтамасыз етілді, ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тексерулер жеделдетілді. Жедел медициналық көмек қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу жолымен күшейтілді, бұл ел халқына шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету кезінде «алтын сағат» қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 
Көлік медицинасы жанданды, 77 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсеткен «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» 2 медициналық пойызының жұмысы қайта жанданды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде қолда бар 49 жылжымалы медициналық кешенге медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында қосымша 100 заманауи ЖМК сатып алынды, 2022 жылы ЖМК қызметтерімен 3307 елді мекен қамтылды, ауыл тұрғындарына 1 820 833 емдеу-диагностикалық қызмет көрсетілді, 149 326 науқас анықталды. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 3 есе, медициналық оңалту және консультациялық-диагностикалық көмек 11 есе, оның ішінде қымбат көрсетілетін қызметтер 5 есе ұлғайды. Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.



«2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 32,7%-ға, обырдан – 7,9%-ға, жарақаттан – 5,3%-ға төмендеді. Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеп, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 17 құрады, сәбилер өлім-жітімі 9%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,68 құрады. Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер өмір сүру ұзақтығының өсуіне әсер етті және тарихи маңызға – 74,44 жасқа қол жеткізудің кепілі болды, ол пандемияға дейінгі ӨСҰ деңгейінен 1,26 жасқа асып түсті, ал 2019 жылы ол – 73,18 жасты құрады»,- деп мәлімдеді ДСМ өкілдері.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #өмір сүру #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);