Қазақстандықтардың біразы қартаюдан қорқады

Қазақстандықтардың біразы қартаюдан қорқады Сурет: Journal.litres.ru

Бүгін Астанада STADA Health Report 2024 зерттеуінің нәтижелері бойынша презентация және пресс-конференция өтті.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Зерттеу авторлары психикалық денсаулық, өз-өзіңе көңіл бөлу, қарттық пен жалғыздыққа алаңдау, жеке бақыт және сырт келбетіне қанағаттану секілді тақырыптарды ортаға салды.

Белгілі болғандай, Қазақстаннан зерттеуге қатысушылардың 43%-ы қартаюды ойлап алаңдаса, 74%-ы жасы келуіне орай физикалық қартаюдан қорқады. Ал сұралғандардың 59%-ы сырт келбетінің нашарлайтынын ойлайды-мыс. 56%-ы жақындарына масыл болудан қорықса, 50%-ы қартайғанда қаржылық жағынан қысылмауды ойлайды. Қатысушылардың 48%-ы жас келгенде пайда болатын Альцгеймер, Паркинсон, деменция сияқты аурулардан қауіптенеді.

Зерттеу жұмыстары бірнеше жыл қатарынан 20-дан астам елде жүргізіліп келеді. Аймағы – Орталық және Шығыс Еуропа елдері. Зерттеу барысында бұқара халықтың өзін сау әрі бақытты сезінуіне қатысты сауалдар қойылды. Сауалнамаға жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы әртүрлі 2 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде сұралғандардың 70%-ы өз өмірлеріне қанағаттанатынын жасырмай айтты. Шыны керек, жаһандық дәрежеде денсаулық сақтау жүйесіне көңілі толмайтындар қатары көп. Десе де, Қазақстан азаматтарының дәрігерлерге сенім артуының күшейгенін байқасақ болады, - деп түсіндірді Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолиядағы STADA компаниясының бизнес жетекішісі Наталия Гарипова.

Зерттеу нәтижелері сәйкес, Қазақстан азаматтары денсаулық сақтау мәселесінде өздерін мейілінше бақытты санайтыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10