Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар енді пластикалық операцияларға зей...

Қазақстандықтар енді пластикалық операцияларға зейнетақы жинағын ала алмайды

Әлеумет 12.12.2025, 10:08 435
Қазақстандықтар енді пластикалық операцияларға зейнетақы жинағын ала алмайды
Cурет: Отбасы банк

Бүгіннен бастап Отбасы банк пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатты.

Бұған осы бағыттағы өтінімдердің 130 есе өсуі себеп болды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

enpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмологияға зейнетақы қалдықтарын пайдалану өтінімдерін қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаңа мақсатты жаппай таңдай бастады - операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктивтік және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары.

Отбасы банкі мұндай өтінімдердің санының аномальды түрде өскенін айтты. Бұған дейін банк ай сайын орта есеппен пластикалық операцияларды төлеу үшін зейнетақы қалдықтарын пайдалануға қатысты 16 өтінімді қарайтын. Қыркүйекте стоматологияға өтінімдер тоқтаған кезде бұл көрсеткіш 123-ке дейін, қазанда - 1 844-ке, қарашада - 3 878 өтінімге дейін өсті.

Желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде, офтальмологияға өтінім қабылдау тоқтатылған кезде, пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша 2 093 өтінім түсті. Бұл орташа айлық көрсеткіштен 130 есе жоғары.

Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрады.

- Азаматтардың зейнетақы қаражатын мақсатты пайдалануын бақылау - Отбасы банкінің міндеті. Пластикалық операцияларға деген қызығушылықтың күрт өскенін байқаған кезде, зейнетақы қалдықтарын мақсатсыз пайдалану қаупін көрдік. Сондықтан бұл мақсат бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болдық, - делінген банктің хабарламасында.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасы банк #пластикалық операциялар #зейнетақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика