Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен ғана бара...

Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен ғана бара алады

Әлем 03.09.2025, 13:39 519
Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен ғана бара алады
Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, келісімге  президенттің Арменияға 2024 жылғы сәуірдегі ресми сапарында қол қойылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұрын мұндай ереже тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын.

Парламент Мәжілісі Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құжатқа сәйкес, мемлекет азаматтарының елде 30 күн болғаннан кейін полицияда тіркелу міндеті енгізіліп отыр. Қазір олар полицияға бармай 90 күн бола алады. Бұл норманы енгізу көші-қон бақылауының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ келісімде ұлттық заңнамаларға сәйкес 90 күннен астам елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі көзделген. Уақытша тұруға рұқсат алу жеткілікті. Осылайша, екі жақ үшін визалық режим жойылады. Бұл азаматтардың елдерге келу кезінде шығындарын азайтады», - деді Сәденов.

Сонымен қатар елге кіру үшін қажетті құралдар тізбесіне мыналар енгізіледі:

Армения азаматтары үшін сәйкестендіру картасы;
Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік.
Осылайша, қазақстандықтар Арменияда ішкі құжатпен жүре алады. Бұрын мұндай ережелер тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын

«Осындай тәжірибе бар. Қазақстан азаматтары жеке куәлікпен Ресей мен Қырғызстанға еркін кіре алатын. Бұл шара келу және болу тәртібін жеңілдетеді. Содай-ақ паспорт рәсімдеу шығынын азайтады»,- дейді ведомство басшысы.

ІІМ басшысының ақпаратынша, жыл басынан бері Қазақстанға Арменияның 12 мыңға жуық азаматы келген.

Армения тарапы келісімді былтыр 15 қарашада ратификациялаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Армения #виза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика