AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық теннисші Осака турнирінің финалына шы...

Қазақстандық теннисші Осака турнирінің финалына шықты

Спорт 15.09.2023, 13:00 1,379
Қазақстандық теннисші Осака турнирінің финалына шықты
Сурет: Ktf.kz

Қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің финалына шықты.


Қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұл матч Ю.Путинцеваға да, А.Калинскаяға да оңайға түскен жоқ. Өйткені олар бүгін осының алдында жекелей сында өнер көрсетті.


Дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған Юлия Путинцева ширек финалда үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде әлемнің 39-ракеткасы қытайлық Синьюй Ванға жол берді – 6:7 (4:7), 7:6 (7:1), 3:6. Ал әлемнің 92-ракеткасы А.Калинская рейтингте 123-сатыдағы АҚШ өкілі Эшлин Крюгерден ойсырай ұтылды – 3:6, 1:6.


Бұлардың жұптық сындағы кездесуі де шиеленіспен өтті. Бірінші партияда тай-брейкте жапониялық жұп әбжілдік танытты – 7:6 (7:3). Екінші сетте есеп 5:3 болған мезетте олар матчқа доп берді. Міне, дәл осы сәтте жинала біліп, жанкештілік танытқан Путинцева мен Калинская таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте айқын басымдылық көрсетті – 7:6 (7:1). Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:7.


Екі сағат 9 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-ресейлік жұп 10 брейк-пойнттың жетеуін мүлт жіберген жоқ. Жапониялық дуэт 1 эйс, 7 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.


Осылайша, қазақстандық теннисші бір күнде екі матчта бес сағат бойы ойнады.


Юлия Путинцева мен Анна Калинская финалда германиялық Анна-Лена Фридзам – украиналық Надежда Киченокпен бас жүлдені сарапқа салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақстандық теннисші #Осака турнирі #Финал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика