Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты Сурет: Olympic.kz

Александр Недовесов ширек финалға шықты. 


Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz  сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді. Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қазақстан-Пәкістан жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21