Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық педагогтер TALIS халықаралық зерттеуі...

Қазақстандық педагогтер TALIS халықаралық зерттеуіне қатысады

Білім және ғылым 13.02.2024, 03:02 1,348
Қазақстандық педагогтер TALIS халықаралық зерттеуіне қатысады
Сурет: Gov.kz

Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді.


Оған 378 қазақстандық мектептің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.



«Бұл циклдің ерекшелігі білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері туралы жаңа сұрақтардың қосылуы: әртүрлілік пен теңдік, оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық оқуы, білім беру мақсатында технологияларды пайдалану және қоршаған орта мен тұрақты даму бойынша білім беру. Зерттеуге Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының, «Өрлеу» БАҰО сарапшылары және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары бірлесіп әзірлеген ұлттық мәселелер енгізіледі» - деді Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.



TALIS-2024 бойынша қазақстандық педагогтердің нәтижелерінің егжей-тегжейлі талдаулары қамтылған ұлттық есеп 2026 жылы жарияланады. Нәтижелер республиканың сегіз макроөңірі бойынша ұсынылады.


Анықтама үшін: Қазақстан TALIS зерттеуіне 2018 жылдан бері қатысып келеді. Оның нәтижелері «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеу кезінде ескерілді. TALIS (Teaching and Learning International Survey) әр алты жыл сайын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен өткізіліп келеді және ол ең ауқымды халықаралық зерттеулердің біріне айналған. Зерттеу еліміздің педагогикалық корпусының күшті және әлсіз тұстарын анықтауға және мектептердегі педагогтер мен білім беру ортасының жұмыс жағдайларын тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #мұғалім #зерттеу #TALIS
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика