AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар халықаралық биология олимпиа...

Қазақстандық оқушылар халықаралық биология олимпиадасында төрт қола медаль еншіледі

Білім және ғылым 27.07.2025, 14:50 574
Қазақстандық оқушылар халықаралық биология олимпиадасында төрт қола медаль еншіледі
сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық оқушылар IBO-2025 халықаралық биология олимпиадасынан 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Филиппинде өткен әлемдік деңгейдегі ең беделді зияткерлік додалардың бірі – Халықаралық биология олимпиадасында (IBO-2025) Қазақстан құрамасының барлық төрт мүшесі де қола медаль иеленіп, командалық толық жеңіске қол жеткізді.

Биылғы додаға 80 мемлекеттен 320-дан астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстан атынан сынға түскен жас биологтар – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ерсұлтан Қайыркен, Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Батыр Ержанұлы, Астанадағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Айғаным Балташева және Алматыдағы «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы Алихан Ашырханов – барлығы да қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрамаға биология саласының жас зерттеушілері Лейла Асқарова мен Ильяс Сакимов жетекшілік етті.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық бөлімде қатысушылар молекулалық биология, генетика, экология, эволюция және биожүйелеу бағыттары бойынша күрделі тапсырмаларды орындаса, практикалық кезеңде нақты зертханалық жұмыстар арқылы өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстан 1994 жылдан бері IBO олимпиадасына тұрақты түрде қатысып келеді. Осы аралықта ел қоржынында – 2 алтын, 18 күміс, 56 қола медаль және 12 құрмет грамотасы бар. Ал өткен жылы бұл байқау алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып, ұлттық команда тағы да 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Биология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика