AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар физика пәнінен халықаралық о...

Қазақстандық оқушылар физика пәнінен халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Білім және ғылым 18.07.2022, 09:37 1,827
Қазақстандық оқушылар физика пәнінен халықаралық олимпиададан жүлделі оралды
Сурет: Elorda.info

Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада 1 алтын мен 4 күміс медаль жеңіп алды.


Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.



«Ұлттық құрамамыздың қоржыны тағы да медальдармен толықты. Оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Жарыс Цюрих қаласында (Швейцария) 10-15 шілде аралығында өтті. Еліміздің намысын 5 оқушы қорғады. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Балаларымыз өткен жылы 5 күміске ие болған еді. Осылайша биыл оқушыларымыз былтырғы көрсеткішті жақсарта алды. Ұлттық құрама қоржынына алтын медальді Даниил Шатохин, күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді», - делінген министрдің жазбасында.



Аймағамбетов оқушыларды үлкен жетістіктерімен құттықтады.



«Осындай беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ақшалай сыйақы алып, ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсе алатынын еске сала кетейін. Сонымен қатар жүлдегерлердің педагог-тәлімгерлері де төлем алады», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#физика #халықаралық олимпиада #жүлде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қандай бақбақты жұлуға тыйым салынған?

Бүгін 16:39

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 15:22

Алматыда иесіз электр желілерін коммуналдық меншікке беру жұмысы күшейтіледі

Бүгін 15:20

Асанәлі Әшімов театрында «Тағдыр тақтасы» спектаклі сахналанып, «Үздік логотип» байқауының жеңімпазы марапатталды

Бүгін 15:17

Әскерилерге тұрғын үй өтемақысын төлеу ережелері өзгерді

Бүгін 14:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);