Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, әлемнің 24 елінен 148 оқушы қатысқан беделді білім додасында қазақстандық жас математиктер 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Командалық есепте Қазақстан 6 орынға тұрақтады.
Алтын медальді Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Мұрат Тимур жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері – Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Әлиасқар Сұлтанәлі мен Атырау облысынан Орынбасар Бердібек. Қола медальді Батырхан Бейғанов, Әли Еркебұланұлы және Арнұр Аңсатов еншіледі.
Ұлттық құраманы Қазақ-Америка университетінің президенті Асылбек Исахов пен «Астана-Нұра» зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ дайындады.