Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең...

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Білім және ғылым 05.05.2025, 10:31 732
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Сурет: Gov.kz
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті.
 
Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;

Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;

Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;

Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

 Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

 Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;

 Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.
 
Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

Анықтама үшін:
Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстандық оқушы #мықты лингвист #Азия-Тынық мұхиты #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика