AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстандық «Mezzo» квартеті «Новая волна» байқау...

Қазақстандық «Mezzo» квартеті «Новая волна» байқауында алдыңғы үштікте

Мәдениет 23.08.2021, 15:53 1,977
Қазақстандық «Mezzo» квартеті «Новая волна» байқауында алдыңғы үштікте
Суреттер: Dimashnews.com

«Новая волна-2021» фестивалінің екінші байқау күні несімен есте қалды?


Қазақстандық «Mezzo» тобы «Новая Волна» байқауының екі күндік байқау нәтижесі бойынша үшінші орында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Байқау бағдарламасы басталмас бұрын әділ қазылар мүшелерінің қатысумен концерт өтті. Белгілі әртістердің сахнада өнер көрсетуі байқауға қатысушылар үшін өз алдына шеберлік сағаты іспетті болды. Көбінің түрлі халықаралық байқауларға қатысу тәжірибесі бар, сондықтан да әрбір қатысушы үшін өздерінің шығармашылық өмір жолдарында «Новая волна» сынды ауқымды шараларға қатысудың маңызы зор.


Жерлесіміз Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың «Я скучаю по тебе»  композициясын автордың сүйемелдеуімен орындады. Әнсүйер қауым әртістің орындауын жылы қабылдады, залда Ресей мен өзге де елдердің Димаштың өнеріне табынушылардың -  Dears қатары қалың болды.



Байқау барысында жүрген репортерлер қазақстандық орындаушының шығармашылығына қызығушылық білдіруші көрермендер көп екенін айтуда. Димаш өзінің барша тыңдармандарына алғыс айтып, ресейлік әріптестерінің өнерлеріне тәнті екенін білдірді.


Концерт соңында әділ қазылар мүшелерінің бәрі «Новая волна» байқауының негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық әртісі Раймонд Паулсты 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.



Кеш байқаудың екінші күнімен жалғасты. Әрбір қатысушының алдында өз елінің танымал әуенін тыңдарман жүрегіне жеткізу міндеті тұрды. Ән додасына Қазақстан атынан қатысушы «Mezzo» квартеті Эрик Чантурияның сөзіне жазылған композитор Павел Есениннің «Дождь» әнін орындады. Бұл ән белгілі қазақстандық әртіс Батырхан Шүкеновтің орындауында посткеңестік кеңістікте жақсы танымал.


 Байқаудың екінші күнінің қорытындысы бойынша, қазылар алқасы төрт қатысушының өнерін жоғары бағалап отыр. Олар: испаниялық Хорсе Гонсалес (169 ұпай), Қазақстан намысын қорғаушы «Mezzo» тобы (170) ұпай, болгариялық орындаушы Деница Караславова (173 ұпай) және армениялық әнші Saro ең жоғары көрсеткіш – 179 ұпайды иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #новая волна #фестивль #ән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғанда ғана баратынын мәлімдеді

Бүгін 12:11

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Бүгін 11:43

Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады

Бүгін 11:32

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09

Алматыда экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика