AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық мектеп халықаралық деңгейдегі мәртебе...

Қазақстандық мектеп халықаралық деңгейдегі мәртебеге ие болды

Білім және ғылым 26.03.2025, 09:53 845 dulatbekova
Қазақстандық мектеп халықаралық деңгейдегі мәртебеге ие болды
Сурет: Gov.kz

Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Орта Азияда Apple Authorized Training Center for Education (AATCE) мәртебесін алған алғашқы білім ордасы атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. AATCE мәртебесі мектептің цифрлық пәндерді оқыту және IT мамандарын даярлау саласындағы Apple компаниясының халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайды. Оқу бағдарламасы мектеп оқушылары үшін арнайы әзірленіп, «Develop in Swift» сертификатталған курсын қамтиды, бұл оқушыларға мектеп аясында Swift тілін меңгеруге және iOS үшін мобильді қосымшаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Осы уақытқа дейін мұндай орталықтар негізінен Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі университеттерде ашылды. РФММ оқушыларының оқыту мен технологиялық даярлығының жоғары деңгейі Apple мойындаған білім беру деңгейінің бірегей үлгісі болды», — деп атап өтті iTeacher Academy (Apple Authorized Reseller) негізін қалаушы Юлия Андреева.

8-9 сынып оқушыларына арналған сабақтар аптасына екі рет өтеді. Курс барысында оқушылар бағдарламалаудың негіздерін, мобильді қосымшалардың құрылымын үйреніп, өздерінің IT-жобаларын жасайды. Сондай-ақ, олар Swift Student Challenge сияқты халықаралық Apple байқауларына қатысу мүмкіндігін алады. Бастауыш сынып оқушыларына Apple экожүйесімен танысу және негізгі цифрлық дағдыларды меңгеруге арналған курстар ұйымдастырылған.

«Қазақстанда AATCE орталығының ашылуы – цифрлық білім беруді дамытудағы маңызды қадам. Ол оқушыларымыздың әлемдік үздік білім беру стандарттарына қол жеткізуіне жол аша отырып, өңірлік деңгейде IT дайындығы саласындағы көшбасшылықты нығайтуға серпін береді», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан мектептерінде білім беру жүйесін цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды, мектептердің 95,2%-да интернетке қолжетімділік сапасы айтарлықтай жақсартылды, цифрлық білім беру платформалары енгізілуде, оқу процесіне жасанды интеллект элементтері интеграциялануда. Бұл шаралар білім сапасын арттыру және оқушыларды цифрлық болашақтың сын-тегеуріндеріне дайындауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#РФММ #қазақстандық мектеп #халықаралық деңгей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);