Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы ата...

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Спорт 28.02.2026, 10:51 151
Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды
ҰОК

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Кристина Шумекова тағы бір мәрте топ жарып, екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Кристина Шумекова бұл жолы 1500 метр қашықтықта бақ сынап, 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Осы нәтижесі арқылы ол өзінің жеке рекордын да жаңартты.

Айта кетейік, бұған дейін спортшы 500 метрлік қашықтықта да қарсыластарынан озып, алтын медаль иеленген болатын. Осылайша, оның қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі бірдей алтыны бар.

1500 метр қашықтықтағы жарыс қорытындысы бойынша:

1-орын – Кристина Шумекова (Қазақстан) – 1:56.06;

2-орын – Джанин Роснер (Австрия) – 1:56.36;

3-орын – Аяно Секигучи (Жапония) – 1:57.97.

Сондай-ақ бұл қашықтықта ел намысын қорғаған өзге спортшылар да сынға түсті. Анастасия Беловодова 13-орынға тұрақтаса, Алина Шумекова 28-орынды, Варвара Глухова 32-орынды иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма?

Бүгін 17:54

Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді

Бүгін 16:42

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүріліп жатыр

Бүгін 16:39

Дәрігерлер баланы аман алып қалды: екі жастағы сәби қайшыға құлап, басына өткір зат кіріп кеткен

Бүгін 16:36

Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

Бүгін 16:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика