AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстандық ҒЗИ әдістері әлем бойынша медицина ұй...

Қазақстандық ҒЗИ әдістері әлем бойынша медицина ұйымдарында қолдануға ұсынылды

Медицина 23.08.2024, 14:39 1,985 dulatbekova
Қазақстандық ҒЗИ әдістері әлем бойынша медицина ұйымдарында қолдануға ұсынылды
Сурет: Gov.kz

Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар Ұлттық ғылыми орталығы Joint Commission International (JCI) аккредитациясынан сәтті өте отырып, медициналық көмектің қауіпсіздігі және сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады.

 Институт осындай деңгейге қол жеткізген Қазақстандағы үш клиниканың біріне айналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бір апта ішінде JCI сарапшылары клиника жұмысын 1110 критерий бойынша бағалай отырып, жан-жақты аудит жүргізді. Жоғары тәуекелдегі дәрі-дәрмектермен жұмыс істеуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға, науқастарды емдеу мен күту әдістеріне, медициналық үдерістердің қауіпсіздігіне, тәуекелді басқару мен науқастар құқығының сақталуына ерекше назар аударылды.

Аудиторлар клиниканың медицина персоналының біліктілігі жоғары екенін, институттың барлық үдерістері науқастар тұрғысынан бағаланғанын атап өтті.

Аудит нәтижесінде JCI командасы JCI халықаралық кітапханасына енгізуге ұсынылған, ҒЗИ-да қолданылатын бірнеше бірегей тәжірибені бөліп көрсетті. Оның ішінде қант диабетіне шалдыққан жүкті әйелдерді бағдарлаудың озық әдістері, кардиореабилитациядағы сабақтастық талаптары мен ішекті эндоскопияға дайындау стандарттары бар.  

Осы тәжірибелерді өзінің халықаралық кітапханасына енгізу туралы JCI ұсынымдары аталған институт тәжірибесі әлем бойынша медициналық ұйымдарға да таратып, қолдануға болатынын білдіреді.

ҒЗИ кардиологиясы сапасын басқарудың жүйелі әдісі мен жаңа тәжірибесін енгізудің арқасында клиникалық көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартып, науқастардың қызметтерге қанағаттанушылығын арттыру және өлім-жітімді азайту мүмкін болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҒЗИ #әдістер #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетуіне Ресей Президенті Владимир Путин зор үлес қосқанын айтты

Бүгін 17:03

Бір жылда Алматыда не өзгерді?

Бүгін 15:59

Алматыда балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмінің премьерасы өтті

Бүгін 15:10

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Бүгін 15:05

Алматыда қалдықтарды шығаруды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізілуде

Бүгін 14:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);