Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстандық ғалымдар Паркинсон ауруымен күресуге...

Қазақстандық ғалымдар Паркинсон ауруымен күресуге сеп болар жаңалық ашты

Медицина 03.05.2024, 07:22 1,126
Қазақстандық ғалымдар Паркинсон ауруымен күресуге сеп болар жаңалық ашты
Сурет: Mcb.clinic

Отандық ғалымдардың жаңалығы әлемдік ғылымның дамуына қозғау салды.


Енді дүниежүзіндегі биология бойынша кітаптар қайта жазылады. Қазақ ғалымдары жұмысының қорытындысы таяуда биотехнология саласы бойынша дүниежүзіндегі үздік үш басылымның бірінде жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осыдан бірнеше жыл бұрын еуропалық ғалымдар Паркинсон диагнозы қойылған кейбір науқастардың ағзасындағы DJ-1 атты протеинінің мутацияға ұшырағанын байқайды. Бірақ олар әлгі ақуыздың өзгеріске ұшырауына не себеп екенін біле алмай келді. Ал, қазақстандық 8 ғалым бес жылдай тынымсыз ізденіп, бұл мәселенің шешімін тапты.



«Біз зерттеген ақуыз гликолиз кезінде бөлінетін токсиннен төнер қауіпті жоятын болып шықты. Гликолиз дегеніміз - қанттан энергия түзілетін кездегі негізгі процесс. Адам баласының миында бұл - үздіксіз жүретін процесс», - дейді Nazarbayev University докторантура студенті Айжан Ахмади.



Бүгінде дүниежүзіндегі ондаған зертхана DJ-1 ақуызының қызметін зерттеп келеді. Қазақстандық ғалымдардың еңбегі осы сала бойынша кейінгі 20 жылдағы ең маңызды нәтиже болды. Сондықтан да отандастарымыз зерттеп-зерделеген жұмысын мақала күйінде Nature Communications журналына жолдады. Биохимия саласындағы әлем бойынша үздік үш басылымның бірі қазақстандық ғалымдардың еңбегін 8 ай бойы жіті тексеріп, жақында жарыққа шығарды. Мақалаға қатысты алғашқылардың бірі болып бельгиялық ғалым, профессор Гидо Поммер өз пікірін білдірді.


Тұтастай алғанда, бұл – DJ-1 in vitro тиімділігін талдауға арналған тұрақсыз және реактивті метаболит түзуге мүмкіндік беретін өте жақсы зерттеу. Нәтижелер алдыңғы есептерді растайды. Сонымен қатар DJ-1-ның қызметін түсіну жолындағы зерттеулер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қолжазба нақты жазылып, тәжірибелік дәлдігі жоғары деңгейлі суреттермен әрленген.


Назарбаев Университеті мен Ұлттық биотехнология орталығы ғалымдарының бұл еңбегі -- іргелі ғылым саласындағы ауыз толтырып айтарлық нәтиже, - дейді сала мамандары. Өйткені бұған дейін тек теория жүзінде айтылып келген ғылыми болжамды, қазақстандық ғалымдар іс жүзінде дәлелдеп отыр. Сондықтан да олардың еңбегі Nature Communications журналында «маңызы зор 50 мақала» қатарына енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстандық ғалымдар #Паркинсон ауруы #жаңалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Кеше 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика