Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық аналарға 130 млрд теңгеден астам қара...

Қазақстандық аналарға 130 млрд теңгеден астам қаражат төленді

Әлеумет 21.07.2021, 09:24 1,763
Қазақстандық аналарға 130 млрд теңгеден астам қаражат төленді
Сурет: Looking4.name

Мұндай төлемді аналар ағымдағы жылдың 6 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алған.


Осы жылдың басынан бері Қазақстанда 114 633 болашақ ана жалпы сомасы 57,3 млрд теңге көлемінде төлем алды, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Ресми мәлімет бойынша, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айырылу жағдайына МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде тағайындалады.


Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында МӘСҚ-тан 459 217 алушыға жалпы сомасы 73,1 млрд теңгеге 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.



«Бұл төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішіндегі МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Заңнамада төлемнің ең төменгі мөлшері белгіленген – міндетті зейнетақы жарналарының осы сомасына қосымша аударумен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ұқсас ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы деңгейінде. Төлемнің ең жоғары мөлшері – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспайды, яғни 2021 жылы – 119 мың теңге»,– делінген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Мамандардың айтуынша, жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлемдердің тағайындалған сомаларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.


МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәсілдерінің бірі азаматтар мемлекеттік органдарға жүгінбейтін проактивті формат болып табылады.


Мұндай жағдайларда әйелдің ұялы телефонына төлемдерді ресімдеуге қатысты sms-хабарлама келеді, соған келісім беру қажет.



Проактивті қызмет көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі электрондық үкіметтің egov.kz порталында тіркелген, жұмыс орны бойынша еңбекке жарамсыздық парағын берген және декреттік демалысты ресімдеу туралы ақпараттық жүйелерден мәліметтер алынған, еңбекке жарамсыздық парағы берілген айдың алдындағы айда көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдар болған және банк шотының нөмірі көрсетілген жағдайда көрсетіледі.



Сондай-ақ, баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге болады.


Бұл ретте құжаттарды қағаз нысанында беруге ыңғайлы адамдар үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы өтініш берудің дәстүрлі тәсілдері де бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#соцкөмек #Қазақстан #Соцвыплаты #дети
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 16:35

КешYOU-дің концертіне Мөлдір неге қатыспайды?

Бүгін 16:19

Алматы полициясы мектептердегі қауіпсіздікті тексеріп жатыр

Бүгін 16:06

Қырғыз елінің басшысы қазақ халқына көңіл айтты

Бүгін 15:55

Мұхтар Шахановпен қоштасу ертең өтеді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика