Үстел теннисінен Аустрия Кубогында жерлестеріміз Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Айдос Кенжеғұлов өнер көрсететін «Штоккерау» клубы финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, өз тарихында төртінші рет кубокты иеленді.
Шешуші матчте Айдос қарсыласын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, командасының жеңісіне үлкен үлес қосты.
Дастан Кенжеғұлов «Баден» клубының сапында өнер көрсетіп, турнирдің қола жүлдесіне ие болды.
Қос спортшымызды жеңістерімен құттықтаймыз!