AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанды цифрлық өзгеріс күтіп тұр: Президент е...

Қазақстанды цифрлық өзгеріс күтіп тұр: Президент елдің даму стратегиясын жариялады

Әлеумет 09.09.2025, 12:38 672 Bakyt
Қазақстанды цифрлық өзгеріс күтіп тұр: Президент елдің даму стратегиясын жариялады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елдің дамуына қатысты жаңа міндеттер жүктеді. Басты назар – цифрландыруға, жасанды интеллектіні енгізу мен экономиканы тұрақты дамытуға аударылды. Жолдауда саяси өзгерістер, инвестиция тарту мен инфрақұрылымды жаңарту жағы айтылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Абдыхалықов осыған тоқталды. 

Президент елдегі барлық саланы қамтитын үлкен жоспар ұсынды. Оның сөзінше, Қазақстанның алға жылжуы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана білуімізге байланысты.

Жолдауда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру ұсынылды. Бұл министрлік цифрландыру ісін үйлестіріп, ауыл шаруашылығы, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су ресурстары сияқты бірнеше салаға жауапты болмақ.

Тоқаев өнеркәсіптің дамуына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңа технологиясыз экономиканы әртараптандыру мүмкін емес. Ауыл шаруашылығында да өзгеріс болады. Ғылыми орталықтар базасында агротехнологиялық хаб құрылып, су ресурстарын бақылау үшін цифрлық жүйелер енгізілмек.

«Президент көлік пен логистика саласының болашағын атап өтті. Қазақстан аймақтағы басты торапқа айналуы тиіс. Ол үшін жаңа жол салынып, саудаға қолайлы жағдай жасалады», – деп атап өтті спикер.

Ескі су мен коммуналдық жүйелерді жаңарту жоспарланып, энергияны үнемдейтін жаңа технологиялар да енгізіледі.

Жолдауда маман тапшылығы да айтылды. Кей салада білікті кадр жетіспейтіндіктен, шетелдік мамандарды тартуға тура келеді. Президенттің айтуынша, бұл қадам ғылым мен өндірісті дамытуға көмектеспек.

Сондай-ақ, жол-көлік қауіпсіздігі мәселесі де қозғалды. Енді электросамокаттар мен кикшерингке байланысты заң қатаңдамақ.

Сыртқы саясатта Қазақстан әріптестік байланыстарды жалғастырады. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа елдері, Үндістан, Таяу Шығыс және Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас нығаяды. Жыл соңына дейін бірнеше елдің басшысы Қазақстанға сапарлап келмек.

Президент саяси өзгерістерге де тоқталды. Парламенттік реформа басталып, оған сарапшылар мен қоғам өкілдері атсалысады. 2027 жылы референдум өтіп, онда Парламенттің жаңа құрылымы анықталады.

“Бұл Жолдау Қазақстанның жаңа даму бағытын айқындайды. Ол цифрлық технологияны дамытуға, экономика мен саясатты жаңғыртуға мүмкіндік береді», – деді альянс төрағасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жолдау #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

Бүгін 14:16

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 14:12

Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін 14:08

Алматыда «Музей түні – 2026» театрлардың, VR-шоулардың, тарихи кейіпкерлер мен бірегей экспонаттардың басын қоспақ

Бүгін 14:05

Алматы отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы жұмысты күшейтті

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);