Қазақстандағы ең көп ішімдік ішетін өңірлер аталды

Қазақстандағы ең көп ішімдік ішетін өңірлер аталды Сурет: Tomat2.medgis.ru

Қазақстандықтар алкогольді сусындарға көбірек ақша жұмсай бастаған. Мүмкін, бұл ішімдіктің бағасы бір жыл ішінде орташа есеппен 9,3%-ға қымбаттағандықтан болар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Energyprom.kz мәліметтері бойынша, 2024 жылдың екінші тоқсанында әрбір қазақстандық отбасы орташа есеппен алкогольді сусындарға 5,5 мың теңге жұмсаған. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға көп.

Қазақстандағы "ең көп ішетін" өңірлер ретінде Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысы анықталды (мұнда ішімдікке 9,5 мың теңгеден жұмсалады), сондай-ақ Алматы қаласы (8,9 мың теңге). Оңтүстік астанада ішімдікке жұмсалатын шығын бір жылда 20,5%-ға өскен. Ал ең аз ақша жұмсайтын өңірлер – Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде ішімдік бағасы қымбаттаған. Ел бойынша сыра 14,4%-ға, шарап 9,9%-ға, ал арақ 3,6%-ға өскен. Бағалардың ең көп өсуі Ақмола және Қызылорда облыстарында байқалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
3
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12