AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда жұмыспен қамту қызметін жетілдіру бойы...

Қазақстанда жұмыспен қамту қызметін жетілдіру бойынша пилоттық жоба басталады

Экономика Бүгін 16:13 38
Қазақстанда жұмыспен қамту қызметін жетілдіру бойынша пилоттық жоба басталады
Аlmaty.tv

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіру бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізе бастайды. Осыған байланысты елімізде пилоттық жоба іске қосылады. Оның аясында азаматтарға қолдау көрсетудің жаңартылған тәртібі сынақтан өткізіліп, мансап орталықтары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының мамандары оқытылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа тәсілдің мақсаты

Ведомство мәліметінше, жаңа тәсілдің негізгі мақсаты азаматтарды жұмысқа орналастыруға көрсетілетін көмекті нақты адамға бағыттап, оның сапасын арттыру. Ең бастысы, көрсетілетін қолдау азаматтың іс жүзінде жұмысқа орналасуына бағытталады.

Жұмыс іздеу мерзімі ұзартылады

Негізгі өзгерістердің бірі азаматқа жұмыссыз мәртебесі берілгенге дейін лайықты жұмыс іздеу мерзімін 2 күннен 13 күнге дейін ұзарту. Осы кезеңде мансап орталығының мамандары азаматтың еңбек тәжірибесін, дағдылары мен қажеттіліктерін егжей-тегжейлі анықтайды, бейінін айқындайды, лайықты бос жұмыс орындарын іріктейді және жұмыс берушілермен байланыс орнатады.

Тіркеу рәсімі емес, қолдау процесі

Осылайша, азаматтың мансап орталығына жүгінуі тіркеу рәсімі ретінде қаралмайды. Бұл азаматты жұмысқа орналастыруға дейін сүйемелдеуді қамтитын толыққанды жұмысқа орналасу процесі болмақ. Оның түпкі мақсаты азаматты лайықты жұмысқа орналастыру.

Азаматтарға ұсынылатын мүмкіндіктер

Азаматтар үшін бұл өзіне қажетті бағыт бойынша жеке кеңес алуға, лайықты бос жұмыс орындарымен танысуға, қажетті рәсімдерден өтуге және біліктілігіне, тәжірибесіне әрі кәсіби жоспарына сәйкес келетін жұмысты таңдауға көбірек мүмкіндік береді.

Жобаның маңызы

Пилоттық жоба жұмыспен қамту жүйесін алдағы өзгерістерге практикалық тұрғыдан дайындаудың маңызды кезеңі болады. Оның барысында мансап орталықтары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының мамандары жаңартылған жұмыс процестері мен азаматтармен жұмыс істеу тәртібі бойынша қосымша оқудан өтеді.

Жобаның тиімділігін бағалау

Пилоттық жобаны өткізу жаңа тәртіптің тиімділігін іс жүзінде бағалауға, қосымша реттеуді қажет ететін мәселелерді анықтауға және өңірлерді жаңартылған тәсілдерге толық көшуге дайындауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік төлемдер

Пилоттық жоба жүзеге асырылатын кезеңде жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем қолданыстағы тәртіп бойынша төленеді. Осы төлемді алуға құқығы бар азаматтар оны заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес алу мүмкіндігін сақтайды.

Заңнамаға енгізілетін өзгерістер

Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілетін түзетулерде көзделген. Бұл өзгерістер 2026 жылғы 11 маусымда бекітілген Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізіледі. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің ең ұзақ мерзімі заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес үш айға дейін болады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Осылайша, 2026 жылғы 1 қазан – жұмыспен қамту қызметінің жұмысын жетілдіруге арналған пилоттық кезеңнің басталатын күні. Осы күннен бастап лайықты жұмыс іздеу мерзімі 13 күнге дейін ұзартылады. Ал жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді төлеу мерзіміне қатысты өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Заңнамадағы өзгерістер күшіне енгенге дейін Министрлік еліміздің барлық өңірінде кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтармен кездесулер, консультациялар, мамандардың сөз сөйлеуі және түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылады. Олардың негізгі мақсаты қазақстандықтарға алдағы өзгерістерді, әлеуметтік төлемдерді алу тәртібін және жұмыспен қамту жүйесі ұсынатын мүмкіндіктерді алдын ала әрі түсінікті түрде жеткізу.

Өзгерістердің негізгі қағидаты өзгеріссіз қалады. Мемлекеттік қолдау нақты адамға бағытталып, баршаға қолжетімді болуы және азаматтың мәртебе алып қана қоймай, өзіне лайықты жұмыс тауып, тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беруге тиіс.

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданындағы көшенің бір бөлігі уақытша жабылды

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жұмыс #жұмыспен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі

Бүгін 19:11

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Бүгін 18:32

Тоқаев Нью-Дели қаласына келді

Бүгін 17:55

Аты-жөнін өзгерткенде ЖСН өзгермейді

Бүгін 17:45

Алматыда түнгі уақытта Төле би көшесінің бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);