конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда заманауи көшпенділерге арналған жаңа N...

Қазақстанда заманауи көшпенділерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді

Әлеумет 01.11.2024, 16:36 1,187
Қазақстанда заманауи көшпенділерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді.

Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жаңа визалық режим пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесін назарға алған. Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек, оның мөлшері айына кемінде 3 000 АҚШ долларын құрауы қажет. Сонымен қатар негізгі кіріс талаптарынан басқа, шетелдік өтініш берушіге медициналық сақтандыру және соттылығының жоқтығы туралы анықтама талап етіледі. Виза қашықтан жұмыс істейтін туристерге, яғни бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды коммерция сияқты түрлі салаларда қызмет ететін шетелдік азаматтарға арналған. Виза иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл шетелдік туристерге Қазақстан мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берсе, елге экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл бағдарламаның маңызды аспектісі.

«Туризм және спорт, Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстан заманауи көшпенділердің саяхат картасына енді. Олардың әлемдегі саны 35 миллионнан асады, біз оларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасауды көздеп отырмыз. Әсіресе Алматы мен Астана қалалары нео-көшпенділер үшін тартымды 150 қаланың қатарына кіреді», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #Туризм және спорт #Neo Nomad
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Бүгін 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Бүгін 14:46

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);