конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады

Қазақстанда Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады

Білім және ғылым 21.11.2024, 13:30 1,612 dulatbekova
Қазақстанда Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Астанада ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталық ашылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Ұлттық құзыреттілік орталығы бизнес пен білім беру ұйымдары арасында диалог алаңының рөлін атқарады, сондай-ақ студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлау, сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын арттыру жөніндегі бірыңғай жаттығу базасына айналады.

«Мемлекет басшысының келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы еліміз үшін техникалық және кәсіптік білім берудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оның ішінде Ұлттық құзыреттілік орталығының ашылуы жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен білім сапасын арттыру жөніндегі стратегияны жүзеге асырудағы негізгі қадам. Орталық ұлттық құраманың әлемдік WorldSkills чемпионаттарына дайындалатын базасына айналады, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруда басты аймақтық база болады. Сондай-ақ ол жұмыс берушілер мен кадрларды даярлау жүйесінің арасындағы ынтымақтастықты арттырады», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев WorldSkills Kazakhstan – 2024 чемпионатының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Атап өту керек, мұндай орталықтар Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінде табысты жүзеге асырылып, жоғары білікті кадрлар даярлауда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Әлемде WorldSkills қозғалысы - жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың басты құралы болып табылады. Халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық құрамасы еліміздің намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құзыреттілік орталығы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);