Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылады

Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылады

Хабарлама 02.09.2021, 12:02 1,620
Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылады
Сурет: Кun.uz

Геология саласына тың серпін беріліп жатыр


Қазақстанда ұлттық геологиялық қызмет құрылып, инвесторлардың сапалы геологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында осылай мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.



 «Бағынысты ұйымдардың базасында құрылатын жаңа мекеме жер қойнауына кімді және қалай жіберу керектігін шешетін монополист болмауы керек. Оның рөлі инвесторларды кешенді сервистік қолдауға бағытталғаны жөн», - деді Мемлекет басшысы.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, қазір әзірленіп жатқан өнеркәсіптік саясат туралы заң қайта өңдеу саласының алдында тұрған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Оның ережесі қарапайым және түсінікті: отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, көлемі жеткілікті болуы қажет.



«Еліміздің ресурстық әлеуеті толық ашылмағанын, геологиялық тұрғыдан зерделену деңгейі төмен екенін қаперден шығармаған жөн. Сапалы геологиялық ақпараттың инвесторларға қолжетімділігін арттыру қажет. Жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет. Ұлт жоспары аясында басталған реформаларды соңына дейін жеткізген жөн. Атап айтқанда, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық мәліметтер базасын құрып, оны инвесторлар үшін қолжетімді ету керек. Жер қойнауы – ұлттың байлығы», - деді Президент.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ұлт #геология #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика