Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда туберкулезбен науқастану деңгейі  24%-...

Қазақстанда туберкулезбен науқастану деңгейі  24%-ға төмендеді – Алматы сарапшылары

Медицина 24.02.2023, 05:24 1,360
Қазақстанда туберкулезбен науқастану деңгейі  24%-ға төмендеді – Алматы сарапшылары
twitter.com

Болжамдарға сәйкес, бұл тенденция сақталады, мұның бәрі алдын алу шараларының арқасында. Соның бірі бүгін, 24 ақпанда, туберкулезге қарсы күрес айлығы басталды. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осы тақырыпқа арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Жағымды статистика туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов айтты. Оның айтуынша, елімізде соңғы 5 жылда аурушаңдық 24 %-ға төмендеген.


 Туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 1,5 еседен астам төмендеді. Сондай-ақ, балалардың аурушаңдығы 27 пайызға азайған.


Мәлік Әденов Қазақстанда  турберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай сақталып отырғанын атап өтті. Медицина қызметкерлері бұған халықты профилактикалық тексерулермен қамту арқасында қол жеткізген. 



«Елімізде туберкулезді анықтау және диагностикалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ұсынымдарына сәйкес тексерудің барлық диагностикалық әдістері енгізілген. ПТР диагностикасы құрылды, ол туберкулездің бар-жоғын гендік деңгейде 2 сағат ішінде анықтауға және алғашқы күннен бастап емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры.



Тәуекел деңгейі жоғары топтағы тұрғындарды скринингтік тексерулер тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, ересектер флюорографиядан өтеді, ал балалар мен жасөспірімдер туберкулездің алдын алуға бағытталған диагностикасынан өтеді.


Амбулаторлық және стационарлық емдеуге қатысты барлық медициналық мекемелер тиімді емдеу үшін туберкулезге қарсы препараттардың қажетті кешенімен толық қамтамасыз етілген. Сезімтал туберкулезді емдеу тиімділігі 88,2%, дәріге төзімді туберкулезді емдеудің тиімділігі 80,2% құрады.


Пациенттерге ыңғайлы болу үшін амбулаторлық емдеу олардың тұрғылықты жеріне жақын орналасқан медициналық мекемелерде жүзеге асырылады.


Мәселен, бүгінгі таңда 7750 науқас амбулаторлық ем алады, оның 1,9 пайызы үйде, 2,6 пайызы мобильді бригадада, 42,4 пайызы смартфон арқылы бейнебақылауда.


Емдеу мониторингін күн сайын фтизиатр дәрігерлер, медбикелер және осыған жауаптылар қадағалайды.


Елімізде жергілікті атқарушы органдардың туберкулезбен ауыратындарға ай сайын әлеуметтік қолдау көрсетуі өте маңызды. Есепті кезеңде туберкулезбен ауыратындардың 97%-ына 1971,2 млн.теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туберкулез #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика