конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тоғыз банк таратылып жатыр

Қазақстанда тоғыз банк таратылып жатыр

Әлеумет 15.04.2022, 05:51 1,294
Қазақстанда тоғыз банк таратылып жатыр
Сурет: Kapital.kz.

Бұл банк салымшылары қаражатын шілдеге дейін ала алады.


Қазақстанда 9 банк таратылып жатыр. Аталған банктің салымшылары өздеріне тиесілі қаражатын 3 шілдеге дейін ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Таратылып жатқан банктердің салымшыларына кепілдік берілген өтем сомасының 98%-дан астамы төленген. Бұл шамамен 113,1 млрд теңгені құрайды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді төлеу және талап етілмеген өтем сомаларын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін түсіндірді.



«Таратылатын сегіз банктің салымшылары өздеріне тиесілі өтем ақшаларды соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 1 мамырына дейін ала алады. Бұл «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары. «Capital Bank Kazakhstan» АҚ лицензиясынан кейінірек айырылғандықтан, оның салымшыларының кепілдік берілген өтемді соңғы күнін қоса алғанда биылғы жылдың 3 шілдесіне дейін алуға мүмкіндіктері бар», - делінген хабарламада.



Өтем алуға өтінішті дәстүрлі тәсілмен де, Төлемдердің электрондық порталы (ТЭП) арқылы онлайн түрінде де беруге болады.


Төлем мерзімі аяқталған соң, талап етілмеген өтем сомалары салымшылардың БЖЗҚ-да ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына аударылады. Таратылатын сегіз банктің клиенттері өтем ақшаларының БЖЗҚ-ға аударылуын ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін , ал «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшылары 2 тамызға дейін күте алады.


Ал төлем мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған салымшы жазбаша өтінішпен Қорға тікелей жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #салым #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Кеше 09:33

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

26.06.2026

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

26.06.2026

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

26.06.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);