AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тазалау және косметикалық құралдар өнд...

Қазақстанда тазалау және косметикалық құралдар өндірісі көңіл көншітпейді

Әлеумет 01.11.2024, 12:13 1,318 Nursok82
Қазақстанда тазалау және косметикалық құралдар өндірісі көңіл көншітпейді
yarosonline.ru

Өткен жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанда сабын, тазалау, жуу, парфюмерия және косметикалық құралдар өндірісі 17,3 миллиард теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға өскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Костанай облысы тазалау және косметикалық құралдарды ең көп өндірген өңір болып табылады, мұндағы өндіріс көлемі 4,7 миллиард теңгеге жетіп, жылдық өсім 18,3%-ды құраған. Алдыңғы бес өңірге Астана (3 миллиард теңге), Шымкент (2,7 миллиард теңге), Алматы (2,6 миллиард теңге) және Алматы облысы (1,2 миллиард теңге) кіреді.

Қазақстандық өндірушілердің отандық нарықты қамтамасыз ету деңгейі көңіл көншітпейді. Мәселен, еліміздегі тіс пасталары нарығы толығымен импортқа тәуелді. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанға 4 мың тонна тіс пастасы мен порошоктар әкелінсе, отандық өндіріс – нөл. Орталық гигиена құралдарының жалпы көлемі 4,6 мың тонна сырттан келсе, елімізде тек 17 тонна өндірілген. Демек, бұл сұраныстың 0,4%-ы ғана қамтамасыз етілді дегенді білдіреді.

Тұрмыстық тазалау пасталары мен порошоктар бойынша отандық компаниялардың үлесі бар болғаны 0,01 пайызды құрайды. Ал шампуньдер мен шаш лактары – 2,7%, парфюмерия мен косметика – 7,2%, жуу құралдары – 9,4% қамтамасыз ете алады. Тек сабын өндірісінде сұраныс 29,5%-ға, ал шаш алуға арналған құралдар, дезодоранттар және басқа да тауарлар бойынша 40,5%-ға жабылды. Жалпы, қазіргі жағдай бойынша бұл жағынан көштің артына қалып келе жатқанымызды жасыра алмаймыз. 

Сонымен жоғарыдағы қорытындыларға қарап, Қазақстан тазалау және косметикалық құралдар өндірісі әлі де кенжелеп, сыртқа қол жайып отырғанымыз ащы да болса шындық. Ал біз толығымен өз өнімімізді пайдаланатын елге айналу үшін өндірушілерге нақты шаралар мен стратегиялар қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздегі етпен қамтамасыз мәселесі төңірегінде жазған болатынбыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тазалау құралдары #косметика #отандық өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);