AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3...

Қазақстанда соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты

Әлеумет 03.03.2022, 08:20 1,945
Қазақстанда соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты
pxhere.com

Елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл туралы «Қазақстандағы балалар семіздігінің таралуын зерттеу» конференциясында балалар денсаулығы бойынша елдегі жағдайға тоқталған ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов айтты.



«Қазақстанда соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 4,3 пайызға артты. Былтыр Шымкент қаласы, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен елордада дүние есігін ашқан нәрестелер көбейген. Бір жасқа дейінгі сәбилер арасында тыныс алу жүйесіндегі аурулар (49,7 пайыз) жиі кездеседі. Ал 18 жасқа дейінгі балалар арасында ас қорыту жүйесінің аурулары – 9,4%, жүйке жүйесінің аурулары – 6,1%, көз аурулары – 5,2%, қан аурулары – 5,1% тіркелді», - деді ол.



Өткен жылы ел аумағында 447 290 баланың кіндігі кесілген. Оның ішінде 25 776 нәресте шала туылды.



«Былтыр 5 млн 600 мың бала медициналық профилактикалық тексерістен өтуі тиіс болған. Алайда тек 4,5 млн бала тексерілді. Бұған коронавирусқа байланысты карантин шектеулерінің күшейтілуі, оқушылардың онлайн форматта оқуы себеп болған. Тексерілген балалардың 7,4 пайызының бойындағы қандай да бір дерттің бары алғаш рет анықталды», - деді Олжас Ысқақов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #халық #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда VI Халықаралық I-CRAFT 2026 конференциясы өтті.

Бүгін 14:15

Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі

Бүгін 14:07

Әрбір өңірдің үні естіледі – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Бүгін 13:19

Бесінші алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин - XX жазғы Азия ойындарының чемпионы

Бүгін 12:08

Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);