AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанда сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу а...

Қазақстанда сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу аяқталды

Саясат 15.07.2021, 13:20 2,536
Қазақстанда сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу аяқталды
Сурет: Media.az

Үгіт-насихат жұмыстары 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасады.


Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 730 әкімін сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат cайтына сілтеме жасап.


Кандидаттарды ұсыну 9 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасса, оларды тіркеу 14 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталды және бірден үгіт-насихат жұмыстары басталды. Заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулер бойынша, үгіт-насихат жұмыстары 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасады.


Науқан басталғалы бері республика бойынша екі мыңнан астам үміткер тіркелген. Сайлау жарияланған округтер санының көптігіне байланысты кандидаттардың ең көбі Ақмола, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ұсынылды. Кандидаттардың ең азы Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында.


Айта кетейік, 25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде әкімдердің сайлауы басталады. Сайлау науқанының жалпы мерзімі – 30 күн. Ал іс басындағы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда сайлау 40 күн бұрын жарияланады және жұмыс істеп тұрған әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтуі тиіс.


2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауында тапсырма берілген болатын.


Ресми статистика бойынша, Қазақстан халқының 40%-дан астамы ауылдық елді мекеннің тұрғыны ретінде тіркелген. Яғни ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру ісіне Қазақстан азаматтарының 40%-дан астамы атсалыспақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АНК #праздник #независимость #поздравление #сайлау #Казахстан #выборы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);