AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда реттелетін криптонарықтағы сауда-сатты...

Қазақстанда реттелетін криптонарықтағы сауда-саттық көлемі өсті

Экономика 15.09.2026, 12:54 252

Бүгінде Қазақстанда 76 лицензияланған майнер және 5 аккредиттелген майнинг пулы жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ЖЦДМ мәліметінше, реттелетін криптонарықтағы сауда-саттық көлемі 2023 жылғы  $320 млн-нан 2025 жылы $10,58 млрд-қа дейін өскен.

Бүгінде Қазақстанда 76 лицензияланған майнер және 5 аккредиттелген майнинг пулы жұмыс істейді. Тізілімге шамамен 470 мың бірлік жабдық енгізілді. Құрылған реттеу жүйесі саланың өндірістік көрсеткіштерін бақылауға, оның ашықтығын және бюджетке салықтардың түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов баяндады.

Оның айтуынша, майнинг пулдары арқылы өндірілген цифрлық активтер туралы тұрақты есептілік алынып, саланың нәтижелері нақты көрінеді. Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы криптобиржалардың реттелген жүйесі қалыптасты.

Саладан түсетін салық түсімдері оң динамика көрсетуде. 2023 жылы бюджетке 9 млрд теңге, 2024 жылы – 9,9 млрд теңге, 2025 жылы – 22,4 млрд теңге түсті.

«Реттелетін криптобиржалар сегментінде де осындай динамика байқалады. 2022 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығы және қаржылық реттеушілермен бірлесіп криптобиржалар қызметін реттеу жөніндегі пилот іске қосылды. Оның негізінде криптобиржаларды лицензиялау мен жұмыс істетуге арналған толыққанды реттелген орта қалыптасты. Сауда айналымы 2023 жылғы $320 млн-нан 2025 жылы $10,58 млрд-қа дейін өсті. Пайдаланушылар саны 53 мыңнан  215 мыңға дейін артты», — деді Ғиззат Байтұрсынов.

Көрсеткіштердің өсуі түсінікті әрі ашық қағидалар қалыптастырылған жағдайда реттелетін нарықтың қарқынды дамып, ауқымын жылдам кеңейте алатынын көрсетеді. Келесі кезеңде цифрлық активтер саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және реттелетін цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту көзделеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);