AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші едәуір азай...

Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші едәуір азайған

Медицина 01.03.2026, 14:54 431
Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші едәуір азайған

Қазақстанда қызылшаға қарсы қабылданған шұғыл шаралар өз нәтижесін бере бастады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, кейінгі бір аптада сырқаттанушылар саны 25,4%-ға азайған. Егер алдыңғы аптада 417 жағдай тіркелсе, кейінгі жеті күнде бұл көрсеткіш 311-ге дейін төмендеген.

Соған қарамастан, эпидемиологиялық ахуал толық тұрақталды деуге ерте. Қызылша жұқтыру деректері әлі де тіркелуде. Ең көп жағдай Астана қаласында – 81, Алматы және Атырау облыстарында – 57-ден, Қостанай облысында – 57, ал Алматы қаласында 48 жағдай анықталған.

Аурудың алдын алу мақсатында қосымша иммундау жұмыстары күшейтілді. 2026 жылдың басынан бері 6–11 айлық 36,7 мың сәбиге екпе салынған. Сонымен қатар жоспарлы вакцинация аясында 1 жастағы 21,4 мың (6,7%) және 6 жастағы 17 мың (4,7%) бала қамтылды. Бұрын екпе алмаған 18 жасқа дейінгі 8,1 мың жасөспірімге де вакцина егілген.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Ұйымдасқан ұжымдар мен әскери бөлімдерде екпе алмаған азаматтар уақытша жұмыстан шеттетіледі. Сондай-ақ ауруханаларға жоспарлы түрде жатқызу кезінде бақылау күшейтілген.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар. Осыған байланысты ата-аналар вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);