AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда қанша мейіргер жұмыс істейді?

Қазақстанда қанша мейіргер жұмыс істейді?

Мұны білген жөн 12.05.2025, 15:52 819 Дина
Қазақстанда қанша мейіргер жұмыс істейді?
almaty-akshamy.kz

Бүгін, 12 мамыр – әлемнің 141 елінде атап өтілетін Халықаралық мейіргерлер күні. Бұл күн – медицина саласындағы орта буын қызметкерлерінің маңызын танытатын кәсіби мереке. Бұл датаға қатысты қандай қызықты деректер бар? Аqshamnews.kz тілшісі тарқатады. 

Сандар сөйлесін

Елімізде 190 000-нан астам орта буын медицина қызметкері бар. Оның ішінде 146 000-нан астамы – мейіргерлер. Ауылдық жерлерде 55 000 мейіргер жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Мейіргерлердің рөлі артып келеді"

Қызмет аясын кеңейту нәтижесінде қазір мейіргерлік қызмет командалық медициналық көмектің негізгі бөлігіне айналды. Кеңейтілген практика мейіргерлері науқастарды бастапқы қабылдап, құжат жүргізіп, рецепт жазып, сұрыптау мен тіркеу жұмыстарын орындайды. Созылмалы ауруларды басқару, вакцинация, скрининг, профилактикамен де айналысады.

Сондай-ақ, елімізде мейіргерлерді дайындайтын оқу орындарының саны да ұлғайып келеді. 

"Қазақстанда мейіргерлерді 94 медициналық колледж даярлайды, оның ішінде 22-сі – мемлекеттік, 72-сі – жекеменшік. Олардың 39-ы – жоғары медициналық колледж мәртебесіне ие. Жыл сайын елімізде 23 000-нан астам жалпы бейінді маман даярланады, ал соңғы алты жылдың ішінде қолданбалы бакалавриат дипломы бар 20 000-нан астам мейіргер денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналастырылды" делінген хабарламада.

Айта кетейік, Халықаралық мейіргерлер күні әр жылы 12 мамырда атап өтіледі. Бұл күннің таңдалуы Флоренс Найтингейлдің туған күнімен (1820 жылғы 12 мамыр) байланысты. Ол заманауи мейіргерлік істің негізін қалаушы болып саналады. Бұл кәсіби мереке 1965 жылдан бастап ресми түрде атап өтіле бастады, ал оны алғаш рет ұйымдастырған — Халықаралық мейіргерлер кеңесі (ICN – International Council of Nurses).

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #Мейіргер #атаулы дата
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);