AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда президенттік олимпиада басталды

Қазақстанда президенттік олимпиада басталды

Білім және ғылым 15.11.2021, 06:51 2,128
Қазақстанда президенттік олимпиада басталды
Сурет: Mosreg.ru

Қазақстанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды


Биыл министрлік пен отандық жоғары оқу орындары арасында қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде жеңімпаздар жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын жеңіп ала алады. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қорытынды кезең Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтіп жатыр. Олимпиада 15 қараша басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Зияткерлік байқауда еліміздің барлық өңірінен 182 оқушы бақ сынайды. Айта кетейік, Президенттік олимпиадаға 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Оларға төрт пән бойынша – математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар беріледі.



«Біз оқушыларымызды ынталандыру және болашақта олар өз білімдерін халықаралық олимпиадаларда көрсете алуына барынша жағдай жасау үшін әртүрлі деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) олимпиадаларды дайындап, өткіземіз. Президенттік олимпиада үш кезеңде өтеді. Атап айтсақ, аймақтық, іріктеу және республикалық кезең. Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі қыркүйек айында өтті, оған республиканың барлық өңірінен 3 мыңнан астам оқушы қатысты. Екінші кезеңге 396 оқушы өтті. Іріктеу кезеңі 22 қазанда бір мезгілде барлық облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда ұйымдастырылды. Осылайша, қорытынды республикалық кезеңге 182 оқушы іріктелді. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ біз олимпиада жеңімпаздары үшін білім гранттарын бөлуге дайын екендіктерін білдірген бірнеше жоғары оқу орнымен келісімге қол жеткіздік», – деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.



Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары бағалайтын болады. Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс онлайн түрде көрсетіледі. Бейнетрансляцияға сілтемелер http://daryn.kz «Дарын» РҒПО аккаунттарында ұсынылады. Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. «Дарын» орталығы жыл сайын өткізетін зияткерлік байқау еліміз бойынша дарынды оқушыларды анықтауға және олардың әлеуетін іске асыру барысында қолдау көрсетуге көмектеседі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаратылыстану-математикалық бағыт #Президенттік олимпиада #республикалық кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);