Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыр...

Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды

Білім және ғылым 02.08.2022, 13:39 2,117
Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды
Сурет: Kazbilim.kz

Оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп әзірледі.


Мамандар 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі. Еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 40 000-нан астам математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Курстар басталған күні 6 603 мұғалім оқуға кірісті. Курстарды бастамас бұрын мұғалімдер цифрлық платформада диагностикалық тестілеуден өтеді. Бұл курстар басталған кезде мұғалімдердің пәндік білім деңгейін анықтау үшін қажет. Тестілеу педагогтердің оқудағы қажеттіліктерін анықтауға және білім беру бағдарламасының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Курстың басынан сабақтың соңғы нәтижесіне дейінгі оқу процесі толығымен талданады. Тестілеу нәтижелері құпия болады және қорытынды бағалауда есепке алынбайтынын еске сала кетейік», - деді Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.



Курстарды өту қорытындысы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқытудың тиімділігіне талдау және олардың алған білімдерін қорытынды бағалау жүргізіледі. Мұғалімдердің сабаққа қатысуы және олардың сабақтағы белсенділігі, мысалы, сыныптағы/топтағы басқа қатысушылармен өзара әрекеттесу, жауап беру және жаңа идеялар мен шешімдерді ұсыну сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Содан кейін мұғалімдер қорытынды тест тапсырады.


Тестілеуді сәтті аяқтау - курсты аяқтаудың міндетті шарты. Сертификаттар барлық критерий бойынша шекті балл жинай алған қатысушыларға ғана беріледі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, пәндік құзыреттіліктерді арттыруға арналған білім беру бағдарламалары педагогтердің кәсіби дамуына және жұмыс сапасына оң әсер етеді. Бұл сонымен қатар жалпы білім сапасына, оның ішінде оқушының біліміне де оң әсерін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалімдер #біліктілікті арттыру #курстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика