Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы т...

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Заң мен тəртіп 25.02.2026, 12:53 125
Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді
depositphotos.com

12 ақпанда Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулердің жаңа тетігі таныстырылды. Қабылданған заң мемлекеттік реттеуді күшейтіп, жоғары тәуекел деңгейіндегі нысандар үшін жыл сайынғы тексерулерді енгізеді және тексерулер туралы хабарлау тәртібін өзгертедіҚазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдан бастап жоғары тәуекел деңгейіне жататын нысандарға, соның ішінде қауіпті өндірістік объектілер мен қызмет ету мерзімі асып кеткен құрылғыларға жыл сайынғы тексерулер жүргізіледі. Ал тәуекелі төмен нысандар үш жылда бір реттен жиі тексерілмейді.

Сондай-ақ тексеру туралы субъектілерді 30 күн бұрын хабардар ету талабы жойылды. Енді хабарлама бір жұмыс күні бұрын жіберіледі, бұл қауіпсіздік жағдайын бағалаудың объективтілігін арттырады.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына салалық заңдарға бақылау мен қадағалауды жүргізудің ерекше тәртібі енгізіледі. Осылайша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске екі жаңа формат енгізілді: жоспарлы тексерулер және нысанға бару арқылы мониторинг.

Жоғары тәуекел деңгейіндегі нысандарға жоспарлы тексерулер кемінде алты айда бір рет, ал төмен тәуекел деңгейіндегі нысандарға жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Мұндай нысандардың жарты жылдық тізімдері уәкілетті органның интернет-ресурстарында ашық түрде жарияланып отырады.

Ерекше тәртіп бойынша нысандарға алғаш рет бару кезінде айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды. Әкімшілік шаралар тек құқық бұзушылықтарды жоймаған қасақана тәртіп бұзушыларға ғана қарастырылған.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейді. Олар бұдан былай бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне құқық бұзушылық себептерін жою туралы жеке ұсыныс енгізу, мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдау, сондай-ақ балалар мекемелеріндегі құқық бұзушылықтардың жүйелі себептерін жоюды талап ету құқығына ие болады.

Бизнес субъектілерін қызықтыратын мәселелер бойынша және тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттері бойынша Бас прокуратураның бірыңғай байланыс орталығына (телефон-115), Комитеттің сайтында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша Комитетке және оның аумақтық органдарына тікелей жүгіне алады (байланыс, аймақтық органдар).

Сонымен қатар, кез келген кәсіпкер Комитеттің «www.qamqor.gov.kz»  ақпараттық порталында немесе «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы тексерістің тіркелуін көре алады («App Store» және «Google Play» дүкендерінде жүктеуге болады).

«Qamqor» қосымшасы арқылы кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алуға, онлайн режимде шағым беруге мүмкіндігі бар. Осындай мәліметтер болмаған жағдайда, кәсіпкердің тексерушілерге тексеру жүргізуге жол бермеу құқығы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнеркәсіп #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика