Қазақстанда мәдени шараларға сұраныс екі есеге жуық артты

Қазақстанда мәдени шараларға сұраныс екі есеге жуық артты Epov Timur

Freedom Ticketon платформасындағы билеттер сатылымы 2024 жылы екі есеге жуық өсті. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз шарасында Freedom Ticketon онлайн билеттерін сату қызметінің бас директоры Виктория Торгунакова мәлімдеді.

Спикер Қазақстандағы ойын-сауық нарығына шолу жасады. Өткен жылы қазақстандықтар барлық іс-шараға айына шамамен 11 801 теңге жұмсаған. Олардың ойын-сауыққа, мәдениет пен өнерге жұмсаған жалпы шығыны компанияның мәліметі бойынша 2024 жылы 73 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,1 млрд теңгеге және компания бір жыл бұрын болжаған көрсеткіштен 3,8 млрд теңгеге артық.

Билеттерді сатып алу платформасын ең белсенді пайдаланушылары Астана (50,6%), Алматы (48,1%) және Қарағанды ​​(33%) қалаларында. Транзакциялар саны бойынша жанр көшбасшысы болып кино (831 мың), одан кейін концерттер (700 мың) және театрландырылған қойылымдар (500 мың) тұр. Киноға ең жоғары қызығушылықты Павлодар (68,3%) және Шымкент (64,1%) қалаларының тұрғындары көрсетті, ал спорттық іс-шараларға қызығушылар Ақтөбеде (57,9%) көп. 

Freedom Ticketon мәліметтері бойынша, 2024 жылы кинопрокат ойын-сауық нарығында жетекшілік етуді жалғастырып, жалпы кірістің 65,4% құраған. Одан кейін гастрольдік іс-шаралар (23,9%), театр қойылымдары (4,08%) және спорттық іс-шаралар (2,05%) жарлғастырады. 2023 жылмен салыстырғанда спорттық іс-шаралардың үлесі киноның пайдасына 4%-дан екі есеге дерлік қысқарыпты. Дегенмен, өткізілген іс-шаралардың 102% рекордтық өсімін көрсеткен спорттық іс-шаралар болды. Гастрольдік спектакльдер де 49%-ға өсті. Сонымен қатар, концерттік сегмент аздап төмендеген – өткен жылмен салыстырғанда 2% аз (2023 жылы 3155 болса, өткен жылы 3115). Концерттердің сапасы артқанын да айта кеткен жөн: шаралар ауқымы мен шақырылған әртістердің мәртебесі артты.

 

Отандық кино өз позициясын нығайтты: прокаттағы қазақстандық фильмдердің саны 2023 жылғы 72-ден 2024 жылы 103-ке дейін өсіп, нарықтың 20%-ын иеленді. Шетелдік фильмдердің басымдығына (80%) қарамастан, қазақстандық кино барлық кассалық кірістердің үштен бірінен астамын, 18,4 млрд теңге жинаған болса, шетелдік фильмдерден 29,2 млрд теңге түскен. Жалпы кірісте шетелдік фильмдердің үлесі 61%, отандық фильмдердің үлесі 39% болды. Жылдың ең көп табыс әкелген фильмі «Моана 2» (1,85 миллиард теңге), екінші орында қазақстандық «Дәстүр» фильмі (1,72 миллиард теңге), үшінші орынды «Веном: Соңғы би» (1,70 миллиард теңге) алды.

Виктория сонымен қатар биылғы жыл сайынғы Freedom Ticketon марапаттарына әсер еткен өзгерістер туралы айтты. «Жылдың шетелдік фильмі», «Жыл мультфильмі», «Жылдың гастрольдік оқиғасы», «Жыл блогері», «Жыл спортшысы» марапаттары алынып тасталды. Сарапшы марапат енді оны бағалайтындарға және салтанатты рәсімге қатысуға дайын адамдарға бағытталғанын атап өтті. «Жыл көрмесі», «Жыл мұражайы», «Жыл өнер нысаны» деген үш бөлімнен тұратын жаңа ART номинациясы бекітілді.

Жеңімпаздар сәуір айында Алматыда өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:22

16:15

15:54

15:11

14:41

14:22

13:53

13:09

12:44

12:02

11:06

10:40

10:05

17:15

15:05

15:05

14:41

14:14

13:43

13:13

12:52

12:12

11:34

11:06

10:45