Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда көлік иелері қымбат нөмірлер үшін шама...

Қазақстанда көлік иелері қымбат нөмірлер үшін шамамен 16 миллиард теңге жұмсаған

Әлеумет 30.03.2025, 10:39 783
Қазақстанда көлік иелері қымбат нөмірлер үшін шамамен 16 миллиард теңге жұмсаған
Сурет: Egemen.kz

VIP нөмірлер нарығы таң қалдырудан жалықтырар емес. 

Елдегі көлік иелері бір жылда қымбат нөмірлер үшін шамамен 16 миллиард теңге жұмсаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Үздік үштік:

– Алматы – 5 млрд теңгеге жуық.

– Астана – шамамен 2,5 млрд теңге.

– Шымкент – 2 млрд теңге.

Нөмірлердің құны олардағы сандар мен әріптердің бірегейлігіне тікелей байланысты:

– 010, 020, … 707 секілді қарапайым комбинациялар 57 АЕК тұрады.

– Сол сандар, бірақ бірдей әріптермен, мысалы, A010AA қымбатырақ – 114 АЕК.

– Танымал "дөңгелек" сандар (100, 111, … 999) 137 АЕК, ал қайталанатын әріптері болса 194 АЕК.

– 001, 002, … 777 секілді сирек кездесетін комбинациялар жоғары сұранысқа ие. Олардың бағасы 228 АЕК -ден басталады.

– Ең қымбаты - сирек комбинациялы бірдей әріптері бар нөмірлер. Олардың құны 285 АЕК-ке дейін жетеді.

Сондай-ақ, ең қымбат нөмірлер 001-ден 009-ға дейінгі сандарға тиеселі және олардың қатарында 777 нөмірі де бар. Мұндай эксклюзивті комбинациялардың құны 1 миллион 120 мың теңгеге дейін барады.

Салыстырмалы түрде алсақ, қарапайым нөмірді небәрі 2,8 АЕК – шамамен 10 мың теңгеге сатып алуға болады.

Соңғы екі жылда Шымкентте эксклюзивті комбинациясы бар нөмірлерге қызығушылық айтарлықтай артқан. Көлік иелері арасында қайталанатын сандары бар немесе бірегей комбинациялы сандары көп нөмірлер үлкен сұранысқа ие.

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 комбинациялары бар сандар:

– 2023 жылы – 1941 нөмер шықса, 2024 жылы 2481 нөмер қолданысқа берілген, өсім: +27,8 пайыз.

Егер мұндай сандар бірдей әріптерді қамтыса (мысалы, A020AA):

– 2023 жылы небәрі 13, 2024 жылы 26 нөмер көлік иелеріне табысталған, өсім: +100 пайызды құрайды.

"Дөңгелек" сандар (100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999):

– 2023 жылы – 583 нөмер шыққан болса, 2024 жылы 639 нөмер қолданысқа енген, өсім: +9,6 пайыз.

Бірдей әріптермен (мысалы, B111BB):

– 2023 жылы – 33, 2024 жылы 37 нөмер тіркеуге алынған, өсім: +12,1 пайызды құрап отыр.

Бірегей комбинациялар (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777):

– 2023 жылы - 359, 2024 жылы 482 нөмер шыққан, өсім: +34,3 пайыз.

– Қазақстандағы кез келген көлік иесі сандар мен әріптердің әдемі үйлесімі бар "сұранысы жоғары" деп аталатын нөмірді таңдай алады. Қажетті нөмір мемлекеттік корпорацияның филиалында болмаған жағдайда, оған мемлекеттік корпорация арқылы немесе онлайн, электронды үкімет порталы арқылы тапсырыс беруге болады. Қолжетімді нөмірлер туралы ақпаратты тікелей Халыққа қызмет көрсету орталығында көруге немесе онлайн сұрауға мүмкіндік қарастырылған. Таңдалған нөмірмен автокөлікті тіркеу нөмірдің өзі шығарылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Әзірге мұндай нөмірлерді алу ережелерінде ешқандай өзгерістер күтіліп отырған жоқ, – делінген ҚР ІІМ түсіндірмесінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қымбат номерлер #көлік иелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика