AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда кейбір ғалымдарға өмір бойы стипендия...

Қазақстанда кейбір ғалымдарға өмір бойы стипендия төленбек

Білім және ғылым 25.08.2022, 15:30 1,636 Almaty-akshamy
Қазақстанда кейбір ғалымдарға өмір бойы стипендия төленбек
Сурет: Elorda.info

Ұлттық ғылым академиясының рөлі артпақ


Елімізде кейбір ғалымдарға өмір бойы стипендия төлеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Ұлттық ғылым академиясының рөлін арттырып, мемлекеттік мәртебе беру – ғылымды тиімді басқарудың және ғылыми-технологиялық жүйені үйлестірудің қажетті шарты. Қазір біздің министрлік ұлттық ғылым академиясының қызметін түбегейлі өзгерту жұмысы кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Атап айтқанда, ұлттық ғылым академиясын мемлекеттің (КЕАҚ) 100% қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам ретіндей құру. Бұл өкілеттіктің бір бөлігін мүшелердің жалпы жиналысына беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚР ҰҒА-ның едәуір дербестігін қамтамасыз етеді», - деді Саясат Нұрбек елордада өтіп жатқан «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында.



Сондай-ақ, министр академия мүшелері автоматты түрде ауыстырылып, жаңа мүшелердің сайланатыны туралы айтты.



«Одан бөлек, жаңартылған талаптарға сәйкес ҚР ҰҒА Президентін сайлау және бекіту де маңызды. Зейнеткерлік жасқа жеткен ұлттық ғылым академиясының жекелеген мүшелеріне «данышпандарға» өмір бойғы стипендиялар бөлу қаралады», - дейді ол.



Одан бөлек, ведомство басшысы ҚР ҰҒА-ның құзыретіне ғылым және форсайт бойынша ұлттық баяндама әзірлеу, ғылым мен техника саласындағы гранттарды, стипендияларды және сыйлықтарды тағайындау өкілеттілігінің берілетіні туралы сөз қозғады.



«Мемлекет басшысы атап өткендей, ҚР Ұлттық ғылым академиясы жаңғырту және кадрлық жаңару шаралары бойынша ғылыми ойдың орталығы және сараптамалық қызметті жүзеге асыратын беделді ұйым болатынына сенімдімін», - деді С. Нұрбек.



Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі халық табысын арттыруға арналған бағдарлама іске қосылатыны туралы айтқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалымдар #Стипендия #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);