Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жер қатынастары саласындағы проблемала...

Қазақстанда жер қатынастары саласындағы проблемалар қалай шешіледі?

Әлеумет 26.01.2022, 05:00 1,518
Қазақстанда жер қатынастары саласындағы проблемалар қалай шешіледі?

Осы мақсатта бірыңғай вертикаль құрылды.


Ауыл шаруашылығының мамандары жер қатынастары саласында жинақталған проблемаларды шешу мен тәртіпке келтіру үшін аса маңызды қадам жасалғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2014 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары толығымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелді.



«Бұрын Жер қатынастары және Мемлекеттік бақылау басқармалары облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің құрамына кіріп, онда «мүдделер қақтығысы» орын алатын. Сондай-ақ жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың бір мемлекеттік органда болуына байланысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы шешімдер қабылдау тәуекелі болатын», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 наурыздағы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды.


Комиссияның 5 отырысында 120-дан астам ұсыныс көтеріліп, жер заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар жүйелі ұсынымдар әзірленді. Ұсыныстардың бірі «орталық-өңір» қағидаты бойынша жерді ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылаудың бірыңғай вертикалын құру болды.


Осыған байланысты, 2021 жылғы 30 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Ол жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функцияларын 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық бөлімшелерін құра отырып, орталық уәкілетті органның ведомствосына беруді көздейді.


 Осылайша, жер беру жөніндегі функциялар әкімдіктерде қалды, ал әкімдіктердің жер беруін және меншік иелерінің/жер пайдаланушылардың жерді пайдалануын бақылау жөніндегі функциялар аумақтық департаменттерді құру арқылы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді.


Осылайша, «орталық-өңір» қағидаты бойынша ҚР-да жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың бірыңғай вертикалі құрылды және жер қатынастары саласында жинақталған проблемаларды шешу мен тәртіпке келтіру үшін аса маңызды қадам жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #Қазақстан #қатынас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика