AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұш...

Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды

Заң мен тəртіп 18.12.2025, 14:49 363
Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды
gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы күндері Қазақстанда кейбір қылмыстық істерге халықаралық назар аударту мақсатында "азаптау" туралы негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатқанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

– Бүгін Human Rights Watch халықаралық ұйымы "Қазақстанда журналистерге қысым көрсетуді тоқтатуға" шақырды. Алайда бұл үндеу нақты жағдайды толық білмеуден туындағаны анық. Соңғы күндері Қазақстанда кейбір қылмыстық істерге халықаралық назар аударту мақсатында "азаптау" туралы негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатыр. Аталған істер бойынша жауапкершілікке тартылғандардың арасында медиа саласының өкілдері де бар, – деп жазды Аида Балаева. 

2022 жылдан бастап елімізде медиа және ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асып келеді.

– Бұл өзгерістер журналистердің кәсіби мәртебесін көтеруге және олардың құқықтық тұрғыда қорғалуына бағытталған. Соған қарамастан, кейінгі уақытта ақпараттық кеңістікте журналистер мен БАҚ-қа "жүйелі қысым көрсетіліп жатыр" деген мәлімдемелер жиі айтылып жатыр. Кейбір қылмыстық істердің фигуранттары мен олардың қорғаушылары тергеу барысында азаптау болғаны туралы айып тағып жүр. Осындай дәлелсіз мәлімдемелер қоғамды да, шетелдік құқық қорғау ұйымдарын да жаңсақ пікірге жетелеп отыр, – деді ол. 

Министр адам құқықтарының бұзылуы туралы кез келген тұжырым нақты фактілерге негізделуге тиіс екенін атап өтті. 

– Адам құқықтарының бұзылуы туралы кез келген тұжырым нақты фактілерге, дәлелдерге және заң талаптарына негізделуге тиіс. Эмоцияға немесе қоғам назарын аударуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуі керек. Мемлекет сөз бостандығы мен БАҚ еркіндігін Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық міндеттемелерде бекітілген негізгі құндылықтар ретінде ұстанады. Дегенмен, сөз еркіндігі заң талаптарын елемеуге немесе жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бермейді. Бұл қағида барлық құқықтық мемлекеттерге ортақ, – деді Аида Балаева. 

Журналистердің қызметіне, БАҚ жұмысына немесе нақты қылмыстық істерге қатысты барлық мәселе заң аясында, процессуалдық нормалар толық сақтала отырып, кінәсіздік презумпциясы мен қорғау құқығы қамтамасыз етіле отырып қаралады.

– Қазақстанда ешкім кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайды. Тергеу және процессуалдық әрекеттерді сөз бостандығына қысым ретінде көрсету – қоғамдық пікірді әдейі бұрмалау. Бұл істер белгілі бір көзқарастарға немесе редакциялық саясатқа емес, жекелеген азаматтардың нақты құқықтық талаптарына байланысты қаралып жатыр және оларды уәкілетті органдар заң шеңберінде тексеріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шеңберінде журналистердің құқығын қорғауға және істердің әділ әрі ашық сотта қаралуына барлық қажетті жағдай жасауға дайын. Осы орайда халықаралық ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамды тергеу аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырамын. Расталмаған ақпарат тарату мен тергеу органдарына қысым жасау ел ішіндегі тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін. Егер сотта айыптылардың кінәсі дәлелденсе, жасаған әрекеттеріне сай заң алдында тиісті жазасын алары сөзсіз, – деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дін жолындағы студенттерге терроризм мен экстремизм жағдайларының алдын алу жұмыстары жүргізілді

Бүгін 16:10

Алматыда діни радикалданудың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 16:05

Мигранттарға арналған «Діни сауаттылық және экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 16:05

Алматыда Жаңару күнінде 400-ден астам ағаш егілді

Бүгін 15:49

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика