конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда электронды темекіге мүлде тыйым салу ұ...

Қазақстанда электронды темекіге мүлде тыйым салу ұсынылды

Әлеумет 27.05.2022, 08:30 1,288
Қазақстанда электронды темекіге мүлде тыйым салу ұсынылды
Сурет: Naked-science.ru

Бір жылдың ішінде тыйым орнатуға болады.


«Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмила Садықова электронды шылымның акцизін қымбаттатуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қыздырылатын темекінің әр данасына акциз енгізуден бөлек Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірліктерінің жақсы тәжірибесі бар – электронды шылым құрылғысының құнынан 50 пайыз алым төленеді. Мысалы, бір рет қолдануға арналған электронды шылымның бағасы 2 мың теңге болса, акцизі мың теңге болады. Соның есебінен құны 3-3,5 мың теңгеге қымбаттайды», - деді Жәмила Садықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.



Сарапшының сөзіне қарағанда, осының арқасында электронды шылымға балалардың қол жеткізуі қиындамақ.



«Біз де осындай акциз енгізсек, электронды шылымның қолданысын шектеп, сол шектеулі сауданың өзінен жақсы табыс көруге мүмкіндік аламыз. Яғни ондай саясаттан мемлекет ұтады. Украинада электронды шылым акцизінен жыл сайын 200 млрд теңгедей кіріс түсіп отырған. Біз жыл сайын 80 млрд теңге кіріс кіргізе аламыз. Бұдан тек табак индустриясы ғана зардап шегеді», - деді қоғамдық ұйым басшысы.



Ұлттық коалиция жетекшісі Қазақстан аумағында электронды шылымның айналымын шектеуді ұсынып отыр.



«Әзірге вейптердің (электронды шылым – ред.) айналымына тыйым салынбағандықтан, тек депутаттардың ұсынысы күйінде қалып келе жатқандықтан, бұл нарықтан салық өндіру керек. Яғни, нарықта бар кезінде жақсы салық өндіріп қалу қажет. Ол бюджеттің кірісіне түседі. «Түтінсіз» шылымға тыйым 2020 жылы салынды. Екі айдың ішінде тыйым күшіне енді де, нарық одан ауыр зардап шеккен жоқ. Қазір сол кезде елге кіргізіліп үлгерген қалдығы сатылып жатыр. Кейін мүлде нарықтан жоғалады. Денсаулық сақтау министрлігі қолдаса, вейптердің сатылымына да бір жылдың ішінде тыйым орнатуға болады», - деді Жәмилә Садықова.



Бұған дейін елімізде жалпы темекінің акцизі өсетіні хабарланған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шылым #шектеу #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Бүгін 12:04

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Бүгін 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Бүгін 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);