конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда дәрігерді жазалау талаптары жеңілдетіл...

Қазақстанда дәрігерді жазалау талаптары жеңілдетілмек

Әлеумет 21.12.2022, 06:20 977
Қазақстанда дәрігерді жазалау талаптары жеңілдетілмек
Сурет: 24.kz

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина немесе фармацевтика қызметкерлеріне қатысты жазалауды жеңілдету ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.



«Заң жобасы аясында медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шараларын жеңілдету бойынша нормалар ұсынылды. 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш түсті. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жыл сайын 300-ге жуық іс қозғалады. Бұл ретте көбінесе хирургиялық бейіндегі мамандарға қатысты болып тұр», - деді Ажар Ғиният.



Оның айтуынша, заң жобасында денсаулығына абайсызда орташа әрі ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайту ескерілген. Науқастың денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болғанда, жазаның мерзімдерін қайта қарай отырып, «бас бостандығынан айыру» жазасын «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылып отыр.



«Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, жазаны ізгілендіруге бірнеше рет әрекет жасаған болатын», - деді министр.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #заң #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгертілген учаскелердің тізімі

Кеше 19:22

Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету

Кеше 19:04

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Кеше 18:00

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Кеше 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);