AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бір ай ішінде пәтер бағасы арзандаған

Қазақстанда бір ай ішінде пәтер бағасы арзандаған

Әлеумет 10.05.2023, 13:00 1,079 Almaty-akshamy
Қазақстанда бір ай ішінде пәтер бағасы арзандаған
Сурет: Ашық дереккөз

Сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір айдың ішінде (сәуірден наурызға дейінгі аралықта) тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі барлық сегментте байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,6%, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату 1,5% төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5% арзандады.


Бұл ретте, сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды.


2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5%-ға өсті.


Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 – 17,7%) және Астана (4 772 – 15,2%) қалалары көш басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 342 бірлік (1,1%).  


2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2%-ға), Маңғыстау (45,5%-ға) және Ақтөбе облыстарында (45,2%-ға) тіркелді. Сонымен қатар, оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалды.  


2023 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7%-ға (5 351 мәмілеге) өсті. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы.


Статистика мамандарының бағамынша, бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2%) тиесілі.


2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29%-ға (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды.   


2023 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 40,1%-ға азайған, ол кезде 52 520 мәміле ресімделген болатын.


Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-68,2%-ға) байқалды.


Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді.


2023 жылы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер саны 2022 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда да теріс динамика көрсетті – -48%.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #сатылым #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика