AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда білім саласын бағалаудың ұлттық жүйесі...

Қазақстанда білім саласын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа үлгісі белгіленді

Білім және ғылым 17.01.2024, 11:20 1,347
Қазақстанда білім саласын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа үлгісі белгіленді
Сурет: Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, білім сапасын арттыру мақсатында Ұлттық бағалау жүйесінің жаңа үлгісі қалыптасты.


Ол елдегі білім сапасының толық көрінісін білуге және түрлі факторлардың ықпалын сараптауға, ескеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі барлық бағалау құралдарын жүйелеу мақсатында Орта білім беруді бағалаудың ұлттық негізін әзірледі, ол төрт құрамдас бөлікті қамтиды: оқушыларды бағалау, педагогтерді бағалау, білім беру ұйымдарын бағалау және білім беру жүйесін бағалау.
Орта білімді бағалаудың ұлттық негізі - ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде әзірленген құжат. Ол жалпы ішкі және сыртқы бағалау құралдарын біріктіреді. Мысалы, білім алушы деңгейінде: формативті және жиынтық бағалау, қорытынды аттестаттау, сонымен қатар мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуінің нәтижелері.



«Бұл білім беру процесінің әрбір қатысушысына - ата-анадан, оқушыдан, педагогтен бастап барлық деңгейдегі басшыларға «не бағаланады?», «қашан?» және «не үшін?» екенін нақты түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, жетілдірілген Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі оқушылардың білімін білім алудың әр сатысында бақылауға, мектептер мен өңірлер бөлінісінде мәселелерді жедел анықтауға және шешуге мүмкіндік береді», - дейді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.



Сонымен қатар, министрлік білім беру сапасын сырттай бағалаудың ұлттық құралы – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта ББЖМ Нидерландыда RCEC (Research Center for Examination and Certification) халықаралық зерттеу, сертификаттау орталығында аккредиттеу рәсімінен өтуде. Бұл ББЖМ мазмұны мен рәсімдерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан алты халықаралық зерттеулерге қатысады: PISA, PIRLS, ICILS, TIMSS, TALIS, мектептерге арналған PISA. Биылғы жылы біздің оқушыларымыз жаратылыстану бойынша көрсеткіштерін 26 ұпайға арттырып, математика мен оқудан өз нәтижелерін сақтау арқылы математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50-ге ен

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім саласы #бағалау #ұлттық жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);