Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда алғаш рет бүйректі үштік айқас транспл...

Қазақстанда алғаш рет бүйректі үштік айқас трансплантаттау жүргізілді

Медицина 17.04.2025, 11:33 900
Қазақстанда алғаш рет бүйректі үштік айқас трансплантаттау жүргізілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстандық медицина тарихында тұңғыш рет «А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ базасында профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен трансплантолог дәрігерлер командасы бірегей бүйректі үштік айқас трансплантаттау операциясын жасады.

Бір күнде, 12 сағат бойы медициналық көрсетілімдер бойынша туыстарымен үйлеспейтін пациенттердің арасында үш донорлық операция және үш бүйректі трансплантаттауды жүргізді. Айқас донорлық әдісінің арқасында олардың әрқайсысы жаңа өмірге мүмкіндік алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүйректі айқас трансплантаттау бір уақытта бірнеше ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік береді және бір біріне туыс емес донорлар мен реципиенттердің арасында жүргізілді. Басқаша айтқанда, туысқан донор жақын адамына қан немесе тіндік үйлесімсіздікке байланысты көмектесе алмаса, дәрігерлер ұқсас жағдайы бар басқа отбасын табады. Егер жұптар бір-біріне сәйкес келсе - айырбас жасалады және операция мүмкін болады.


Қазақстан осындай жоғары технологиялық араласулар жүргізіліп жатқан әлемнің алты елінің қатарына кіретінін айта кеткен жөн. АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Түркия және Үндістанмен қатар біздің еліміз трансплантологияның дамуының жоғары деңгейін көрсетеді, өйткені мұндай операцияларды жүргізу жоғары біліктілік пен шеберлікті талап етеді. 7 донор мен 7 реципиент қатысқан ең үлкен бүйректі трансплантаттау 2019 жылы Түркияда жасалды.

Бұл тәжірибе - қазақстандық трансплантологияны дамытудағы маңызды кезең болып табылады. 2022 жылы «University medical center» корпоративтік қорында (Астана) алғаш рет балаларға бүйректі трансплантаттау жүргізілді. Операциялар бір уақытта төрт операциялық залда өтті, ал донорлар жас пациенттердің аналары болды.

2024 жылы А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-да профессор Баймахановтың жетекшілігімен алғаш рет ересек пациенттерге бүйректі трансплантаттау жүргізілді. Сәтті жүргізілген операциялардан бастап бағдарламаға қатысатын жұптардың саны жыл сайын артып келеді. Енді - ел тарихындағы алғашқы үштік операция жасалды.

Бүгінде Қазақстанда донорлық ағзалардың жетіспеушілігі кезінде барлық заманауи баламалар енгізілді: альтруистік донорлық, АВО-үйлесімсіз және бүйректі айқас трансплантаттау.

Бүйректі трансплантаттаудың өсіп келе жатқан қажеттілігі және гемодиализдегі пациенттердің көбеюі жағдайында айқас донорлық бағдарламасын кеңейту пациенттердің өмірін сақтап қалу мен ұлттық трансплантологияны дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #трансплантология #бүйрек #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі: Ұлықбек көшесін ұзарту жобасы 2014 жылдан бері Бас жоспарға енгізілген

Бүгін 16:06

Аштықты да, соғысты да көрген ғұмыр: ҰОС ардагері Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолы

Бүгін 15:59

Алматының Наурызбай ауданында батыс кәріз коллекторының құрылысы басталды

Бүгін 15:33

Алматыдағы еңбек инспекторларына 3 мыңдай шағым түскен

Бүгін 15:26

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында кітапқұмарлар көп

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика