Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойын...

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389,1 мың қызмет көрсетілген

Әлеумет 31.08.2021, 08:46 790
Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389,1 мың қызмет көрсетілген
Сурет: M.azh.kz

Көрсетілген қызметтің 139,3 мыңы электрондық түрде ұсынылған.


 Үстіміздегі жылдың  бірінші жартыжылдығында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389,1 мың қызмет көрсетті, оның 139,3 мыңы электрондық түрде ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қызметтердің жартысына жуығы (46%) 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша болды. 


Сондай-ақ, ресми мәлімет бойынша, бірінші жартыжылдықта еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер бойынша 14 375 қызмет және жұмысынан айырылу бойынша 53 936 қызмет көрсетілді.



«Бұл ретте еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтердің 42,7%-ы және жұмысынан айырылу бойынша 49%-ы композиттік форматта көрсетілген, яғни төлемдерді тағайындауға өтініш медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілегеннен кейін не Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін МӘСҚ-ға автоматты түрде жіберіледі»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Бүгінгі күні цифрлық технологиялардың дамуымен қызмет алудың неғұрлым ыңғайлы тәсілі азаматтан өтініш талап етілмейтін проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау болып табылады. 


Қызметті проактивті форматта алу үшін алушы қандай да бір қызметті ресімдеу туралы келген sms-хабарламаға жауап беруі қажет. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында МӘСҚ 49,8 мың проактивті қызмет көрсетті. 


Бұдан басқа, электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемді тағайындау үшін egov.kz портал арқылы жүгіне алады. 2021 жылдың І жартыжылдығында Электрондық үкімет порталы арқылы 48,3 мың қызмет көрсетілді. 


Сондай-ақ, 2021 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарына қызмет көрсету бойынша жобаны іске қосты. Enbek.kz порталы арқылы барлығы 8,6 мың адамға төлемдер тағайындалды. 


Әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезге әлеуметтік төлемдердің мөлшері қорға түскен әлеуметтік аударымдардың сомасына тікелей байланысты болады. Осыған байланысты МӘСҚ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төленген әлеуметтік аударымдарды egov.kz порталы арқылы тұрақты негізде қадағалап отыруды ұсынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#соцкөмек #Қазақстан #Минтруда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыста қанша қазақстандық жүр? СІМ дерек келтірді

Бүгін 10:41

15 наурыз - Референдум күні: алматылықтар нені білуі керек?

Бүгін 10:22

Еңбеккерлердің дауысы: алматылықтар референдумды қолдады

Бүгін 10:18

Дмитрий Баландин жастарды 15 наурыздағы референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 10:16

Алматыдағы QazaqGaz Aimaq АҚ бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарын алдағы Референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 10:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі