Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда 50 адамға дейін тұрғыны бар ауылдар ме...

Қазақстанда 50 адамға дейін тұрғыны бар ауылдар медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі

Медицина 18.05.2022, 06:09 1,595
Қазақстанда 50 адамға дейін тұрғыны бар ауылдар медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі
Сурет: Novostivl.ru

Бұл қызмет биылдан бастап жүзеге асырылады.


Биыл 50 адамға дейін тұрғыны бар ауылдар медициналық қызметкермен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



 «Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын - медициналық-санитариялық алғашқы көмек. Бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет көрсететін медициналық ұйымдар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша барлық халық алатын медициналық қызметтің 80 пайызы осы МСАК көрсететін ұйымдардан алынуы қажет. Коронавирус инфекциясының пандемиясы осы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымындағы әлсіз және проблемалық жерлерді айқындап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің сапасын және халықтың қалың тобының, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын адамдарға қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жүйелі жұмыстар басталып кетті», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 



Еліміздің бас дәрігерінің атап өтуінше, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Оның ішінде, 50 адамға дейін тұрғыны бар ауылды медициналық қызметкермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ол биылдан бастап жүзеге асырылады. 



«Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде: 50 адамнан 500 адамға дейін медициналық пункттер; 500 адамнан 1500 адамға дейін фельдшерлі-акушерлік пункттер; 1500 адамнан бастап дәрігерлік амбулаторияны құру қарастырылған», - деді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қызмет #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика