Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда 2026 жылы қара металлургия саласында 7...

Қазақстанда 2026 жылы қара металлургия саласында 7 ірі жоба іске қосылады

Экономика 27.02.2026, 15:34 168
Қазақстанда 2026 жылы қара металлургия саласында 7 ірі жоба іске қосылады
Сурет: Astanatv.kz

2026 жылы Қазақстанның қара металлургия саласында жалпы инвестициясы шамамен 154 млрд теңге болатын жеті жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл жобалар нәтижесінде 1,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы осындай мәлімет таратты., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоспарланған жобалар аясында ферросилиций, әртүрлі диаметрдегі арматура, тік жікті және мырышталған құбырлар өндірісі іске қосылады. Сонымен қатар салада тағы жеті ірі жоба дайындық кезеңінде, олар 2027–2028 жылдары іске қосылады деп жоспарланған. Бұл жобаларға салынатын жалпы инвестиция 2 трлн теңгеден асады. Жобалар шеңберінде ферроқорытпа, профильді және жолақты болат, болат дайындамалар, сым және ірі көлемді болат құбырлар өндірісі жолға қойылады. Осы жобалардың іске асырылуы нәтижесінде 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады, олардың 1,2 мыңы ауылдық жерлерде орналаспақ.

Сонымен қатар қара металлургия саласында тағы 16 жоба пысықталу үстінде. Олар ыстықтай брикеттелген және кеуекті темір, премиум санаттағы болат, жоғары тазалықтағы марганец, ұнтақтаушы шарлар, электрмен дәнекерленген құбырлар, швеллерлер және басқа да темір-болат өнімдерін өндіруге бағытталған. Бұл жобаларға жоспарланған инвестиция көлемі 2,8 трлн теңгені құрап, 5,5 мың жұмыс орны құрылуы күтілуде.

Жалпы, іске асырылып жатқан және жоспарланған 30 жоба бойынша 5 трлн теңге инвестиция тарту және 10,2 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр, оның 3,7 мыңы ауылдық жерлерге тиесілі болады.

Дирекция мамандарының айтуынша, қара металлургия – Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінің ірі әрі стратегиялық маңызды салаларының бірі. Саланың тұрақты дамуына ішкі шикізат базасының (ірі темір және кремний кен орындары) болуы және әртүрлі құрамдағы ферроқорытпалардың өндірісін дамыту оң әсер етуде.

Айта кетейік, жаңа металлургиялық жобалар Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жамбыл облыстарында іске асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қара металл #Қазақстан #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика