AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда 12 шілдеден бастап бет-әлпетті жасырат...

Қазақстанда 12 шілдеден бастап бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салынды – полиция

Мұны білген жөн 25.07.2025, 11:32 756
Қазақстанда 12 шілдеден бастап бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салынды – полиция
Polisia.kz

Қазақстанда полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салатын жаңа заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бұл өзгерістердің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, тұлғаны анықтауды жеңілдету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Сондай-ақ, жаңа ережелер азаматтардың құқығы мен бостандығын, соның ішінде діни сенімін бұзбайтыны атап өтілді.

Учаскелік инспекторлардың айтуынша, тыйым бет-әлпетті толықтай жауып, тануға кедергі келтіретін киімдерге – мысалы, маска мен никабқа қатысты. Ал хиджаб, шейла, химар, аль-амира және бетті жаппайтын өзге де киімдерге бұл шектеу қолданылмайды.

Ауа райының жағдайларына, медициналық қажеттілікке, заң талаптарын орындауға, қызметтік міндеттерге, сондай-ақ спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысу мен азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің жұмысына байланысты жағдайларда бұл тыйымнан ерекшеліктер қарастырылған.

Түсіндіру жұмыстары аясында полицейлер азаматтарға құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы да еске салды. 

Еске салайық, бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салу туралы норма Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын жетілдіру, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметіндегі артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына енгізілген болатын.

Бұл заңға 30 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #бет әлпет #жасыру #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика