Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді?

  • 09:43, 30 шілде 2025
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді? Сурет: aqshamnews.kz

2025 жылғы тамыз қазақстандықтар үшін бірнеше маңызды өзгерістер мен ерекше жаңалықтардан басталғалы отыр. Бұл айда заңнамадағы түзетулерден бастап, халықаралық концерттерге дейін түрлі салада тың дүние бар. Аqshamnews.kz тілшісі назарларыңызға ең басты өзгерістерді ұсынады. 

Автогаз бағасы өседі

1 тамыздан бастап Энергетика министрлігі сұйытылған газдың шекті бағасын өзгертуді жоспарлап отыр. Өзгерістер:

  • Көтерме баға: 51 932 теңгеден → 59 722 теңгеге/тонна;

  • Бөлшек баға: өңірге байланысты 7–10 теңгеге/литрге өседі.

Бұл шешім жанармай құю бекеттеріндегі автогаз бағасына тікелей әсер етуі мүмкін.

сурет: gov.kz

АҚШ кейбір қазақстандық тауарларға баж салығын енгізеді

1 тамыздан бастап АҚШ қазақстандық экспорттың бірқатар түріне 25% баж салығын енгізеді. Бірақ бұл шектеу мұнай, уран және металдарға қатысты емес.

Баж салығы келесі өнімдерге әсер етуі мүмкін:

  • фосфор,

  • бидай желімі,

  • оптикалық линзалар және т.б.

Сарапшылар бұл өнімдердің Қазақстан ішіндегі бағасына да ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

сурет: gov.kz

Пәтерді қолма-қол сатып алуға тыйым салынады

1 тамыздан бастап үлестік құрылыс жобаларына қатысу кезінде тек қолма-қол емес есеп айырысуға рұқсат етіледі. Енді құрылыс компаниясы мен үлескер арасындағы "қолдан қолға" пәтер беру - заңсыздық. 

Ұлттық банк мұны операциялардың ашықтығы мен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізіп отырғанын мәлімдеді. Енді төлем тек жеке банк шотынан немесе банк кассасы арқылы компания шотына аударым жасау арқылы жүргізіледі.

сурет: kn.kz

ҰБТ-ның кезекті кезеңі өтеді

10–20 тамыз аралығында талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) тағы қатыса алады. Тестілеу екі форматта өтеді:

  • Электрон форматта – 10–20 тамыз;

  • Қағаз форматында – 17–20 тамыз аралығында.

Оған биыл және былтыр мектеп бітірген түлектер, сондай-ақ педагогикалық бағыттар бойынша ақылы оқуға түскісі келетіндер қатыса алады.

сурет: sheridanmentoring.com

Аквамәдениет заңды күшіне енеді

13 тамыздан бастап "Аквамәдениет туралы" заң ресми түрде күшіне енеді. Бұрынғы "балық шаруашылықтары" енді аквакультура субъектілері ретінде заңдастырылып, келесі қызмет түрлерімен айналыса алады:

  • көл-тауарлық;

  • тоғандық;

  • балық өсіру және басқа да бағыттар.

Сонымен қатар, олар субсидия, кредит, сақтандыру және жеңілдетілген салықтық режим секілді мемлекеттік қолдау шараларына ие болады.

сурет: gov.kz

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды

1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Ол екі кезеңге бөлінген:

  1. 1–31 тамыз: респонденттер арнайы веб-портал арқылы өз бетімен сауалнама толтырады;

  2. 20 қыркүйек – 20 қазан: интервьюерлер жеке сұхбаттар өткізеді.

Санаққа фермерлік, жеке кәсіпкерлік құрылымдар, аграрлық салада жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен жеке қосалқы шаруашылықтары бар азаматтар қамтылады. Жұмысқа 5 мыңнан астам адам тартылады.

сурет: gov.kz

Дженнифер Лопес Қазақстанда концерт береді

Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес алғаш рет Қазақстанда концерт өткізеді:

  • 1 тамыз – Астана Арена (Астана);

  • 10 тамыз – Орталық стадион (Алматы).

Концерттер оның UP ALL NIGHT: LIVE IN 2025 әлемдік турнесі аясында өтеді. Билеттердің бағасы – 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін сатылды. 

cурет: ашық дереккөз

Ата заңымыздың 30 жылдығы атап өтіледі

30 тамыз – Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы. Еліміздің басты заңы 1995 жылы жалпыұлттық референдумда қабылданған болатын.

Мереке сенбіге (30 тамыз) түскендіктен, демалыс күні дүйсенбіге – 1 қыркүйекке ауыстырылады.

сурет: Almaty.tv

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:06

20:52

20:49

20:46

18:19

17:47

17:00

16:23

16:13

15:39

15:15

14:52

14:48

14:14

13:37

12:51

12:36

11:39

11:02

10:52

10:47

10:14

09:55

09:43

18:10